Қазақстан Республикасындағы хабар
тарату саласындағы ұлттық оператор

Наурызға арналған шара

2022 жылғы 17 наурызда Қазақстан Республикасының мемлекеттік Наурыз мейрамының құрметіне Қоғамда мемлекеттік тілді және ұлттық салт-дәстүрлерді дамыту мен танымал етуге ықпал жасау мақсатында «Қазтелерадио» АҚ Орталық аппаратында «Қош келдің, әз Наурыз!» тақырыбында викторина өткізілді. Lotes Notes жүйесі арқылы жұмыскерлерге Наурыз мейрамы тақырыбына жинақталған қазақ тіліндегі 15 сұрақ жіберілді.

Викторинаға барлығы 13 жұмыскер қатысып, жауаптары есепке алынды. Түскен жауаптарды қорытындылай келе, жеңімпаздар анықталды:

Викторина жеңімпазы – Жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу қызметінің жетекші инженері Анар Мукамадиева;

Сондай-ақ, екінші нәтиже көрсеткенСатып алу қызметінің жетекші маманы Бауыржан Касенов;

Одан кейінгі үшінші үздік нәтижеге қол жеткізген жұмыскер – Дана Хамит, Желіні басқару мен мониторингтеу қызметінің 2 санатты инженері.

Іс-шараға қатысып, мемлекеттік тілдің дамуына қолдау білдірген бұлардан басқа да жұмыскерлердің аты-жөндері ішкі корпоративтік пошта арқылы атап өтілді.

Викторина жеңімпаздарына дипломдар мен корпоративтік сыйлықтар дайындалып, Басқарма төрағасы Мирболат Аюповсалтанатты жағдайда табыс етті (суретте). Қоғам басшылығы іс-шараға қатысқан барлық жұмыскерлерге белсенділіктері үшін алғыс айтып, алдағы уақыттардағы іс-жоспарларына сәттілік тіледі.