Қазақстан Республикасындағы хабар
тарату саласындағы ұлттық оператор

Қостанай облысының "Качар" РТС-нда жоспардан тыс жұмыстар жүргізіледі

2022 ж. 1 сәуір күні сағат 11:00-тен 18:00-ке дейін (Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен) аналогты эфирлі телерадио желісінде, Қостанай облысының «Качар» радиотелевизиялық станциясында телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдары өшіріліп, жоспардан тыс жұмыстар жүргізілетін болады. Сол себепті, «QAZAQSTAN», «Хабар HD», «Хабар 24», «BALAPAN», «ЕЛ АРНА», «Kazakh TV», «ABAI», «Первый канал Евразия», «QOSTANAI», «QAZSPORT HD», «МИР» телерадио арналары уақытша өшіріледі.

«Қазтелерадио» АҚ уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Қоғамның Сall-орталығына мына нөмірлер бойынша хабарласа аласыз: 8 8000 800 193 (ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін), +7 (727) 2 581 500. Сондай-ақ, abonent@otautv.kz электрондық поштасына хабарлама жіберуге болады.