Қазақстан Республикасындағы хабар
тарату саласындағы ұлттық оператор

Айдар Алгазин «Қазтелерадио» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары – Техникалық директоры болып тағайындалды.

«Қазтелерадио» АҚ Басқарма төрағасының бұйрығымен Айдар Алгазин Басқарма төрағасының орынбасары – Техникалық директоры лауазымына тағайындалды.

Алгазин Айдар Маулишарипұлы 1978 жылы 11 қарашада Аягөз қаласында дүниеге келген. Алматы Энергетика және Байланыс Институты «Радиотехника» мамандығы бойынша мен Алматы Экономика және Статистика Академиясын «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы бастаған. Әр жылдары телекоммуникация саласында басшылық қызметтерді атқарды. 2004 жылы «Қазақтелеком» АҚ филиалы Радиотехника бірлестігінің қызмет көрсету орталығының Директоры қызметін атқарды. 2009 жылдан бері «Востоктелеком» ЖШС Желілік пайдалану бөлімін басқарды. 2015 жылы «Қазтелерадио» АҚ Павлодар Облыстық РадиоТелехабар Тарату Дирекциясының Директоры болып жұмыс істеді.