Қазақстан Республикасындағы хабар
тарату саласындағы ұлттық оператор

«Орал» РТС-нда жоспардан тыс жұмыстар жүргізіледі

Батыс Қазақстан облысының «Орал» радиотелевизиялық станциясында радиохабар таратудың техникалық құралдарын өшіре отырып, жоспардан тыс жұмыстар жүргізілетін болады.

2022 жылдың 23-25 қараша айы аралығында сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін(Астана қаласының уақытымен) телерадиоарналары уақытша тоқтатылады. «Қазтелерадио» АҚ уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Сіз Қоғамның call-center-іне мына нөмір бойынша хабарласа аласыз: 8 8000 800 193 (ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін) , +7(727) 2 581 500, сондай-ақ, электрондық поштаға хабарлама жіберуге болады: abonent@otautv.kz.