"Орал" мен «Тараз» РТС-нда жоспардан тыс жұмыстар жүргізіледі
2023 жылдың 10 сәуірінде сағат 09:00-ден 16:30-ге дейін (Астана қаласының уақытымен) Батыс Қазақстан облысының «Орал» радиотелевизиялық станциясында телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдары өшіріліп, жоспардан тыс жұмыстар жүргізілетін болады.
2023 жылдың 20-21 сәуірінде сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін (Астана қаласының уақытымен) Жамбыл облысының «Тараз» радиотелевизиялық станциясында телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдары өшіріліп, жоспардан тыс жұмыстар жүргізілетін болады.
«Қазтелерадио» АҚ уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Қоғамның Сall-орталығына мына нөмірлер бойынша хабарласа аласыз: 8 8000 800 193 (ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін), +7 (727) 2 581 500. Сондай-ақ, abonent@otautv.kz электрондық поштасына хабарлама жіберуге болады.
AO "Қазтелерадио контактілері"
Сенім телефоны 8(727) 244-45-00 (вн: 1247)