Қазақстан Республикасындағы хабар
тарату саласындағы ұлттық оператор

Қазтелерадиода «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты іс-шара өтті

«Еліңнің ұлы болсаң, Еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса,

қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан

теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!»

(Н. Назарбаев)

Тәуелсіздікке жету – оңай жолмен келген жоқ, ол бәрімізге мәлім. Бұл қазақ халқының ғасырлар бойы көздеген арман-мұраттарының орындалуы.

Тәуелсіз мемлекет бола салысымен, көптеген шұғыл сұрақтарға шешім табылды. Неше түрлі ауыртпашылық әкелген Семей полигоны жабылды, тарихи мұра, мәдениетіміз, қазақ тілі қайта жаңғыртылды, табиғи байлығымызды өз иелігімізге қайтара алдық. Біздің ел тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап, дүниежүзілік қоғамдастықтың белсенді мүшесі екенін жан-жақты дәлелдеді. Абайдың 150 жылдығын «ЮНЕСКО» шеңберінде тойлады. «Біріккен Ұлттар Ұйымы» шеңберінде 2002 жылы Алматыда, яғни тұңғыш рет Азия құрлығында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитін өткізді. «Шанхай ынтымақтастық ұйымын» құрудың негізгі ұйытқысы, алғашқы ұсыныс жасаумен танылды. Одан әрі, 2003 жылы Астанада тұңғыш рет әлемдік діндер жетекшілерінің съезін өткізумен тарихта аты жазылды. Алдымызда, 100-ге жуық елдің басын қосатын «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрме. Осының бәрін бағалай білуіміз керек.

Қазір біз болашағымызға сеніммен қарай алатын, зайырлы, өркениетті, индустриалдық жаңғырту жолында жоғарғы қарқынмен дамып келе жатқан мемлекетпіз.

Осы атаулы мерекеге орай, Қоғамда а.ж. 15 желтоқсанда, «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты салтанатты іс-шара өткізілді. Іс-шара мақсаты: Қоғамда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өту; Қоғамға еңбек сіңірген жұмыскерлерді марапаттау; Қоғамның Орталық аппаратында өткізілген «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» тақырыбындағы тарихи-танымдық викторина арқылы Қоғам қызметкерлерінің егемен еліміз туралы білімдерін анықтау, жеңімпаздарды марапаттау.

Салтанатты жиын Басқарма төрағасы Асқар Евгеньевич Хайрушевтің және Басқарма төрағасының бірінші орынбасары, Басқарма мүшесі Айдын Мухамедиұлы Бажикеевтің құттықтау сөздерімен ашылды.

Іс-шара барысында Орталық аппарат және Қоғам филиалдарының үздік жұмыскерлерін марапаттау рәсімі өтті. Басқарма төрағасы оларға Алғыс хат тапсырды.

Персоналды және құжаттаманы басқару департаментінің директоры А.Ж. Айтмағамбетов Қоғамда мерекеге орай, Орталық аппарат қызметкерлерінің арасында өткізілген «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты тарихи-танымдық викторинаның қорытындысы бойынша ең алғаш және дұрыс жауап берген үш жеңімпазды (Кемпирбаев Ермек, Макенбаева Айғаным, Джамалов Бахавидин) құттықтап, дипломдар тапсырды.

Қазақ тілін дамытуда, мемлекет тарапынан барлық жағдайлар жасалып жатыр, оқыту бейне таспалар, әдеби-әдістемелік құралдар, түрлі салалық сөздіктер таратылуда. Біздің Қоғамда жұмыс орнында тегін сабақтар берілуде. Осы мемлекеттен берілген мүмкіншіліктерді тиімді пайдаланған қызметкерлеріміз өз істерінде нәтижесін көрсетіп отыр. Олар: Нұрпейісова Алма, Сансызбаев Ержан, Джалилова Диана.

Қазақстан халқы тілдерінің күніне арналған «Тіл – мемлекет тірегі» атты конкурс жеңімпаздарын, мемлекеттік тілде іс жүргізетін қызметкерлерді, осы іс-шара жүргізушілерін Басқарма төрағасының бірінші орынбасары, Басқарма мүшесі А.М. Бажикеев құттықтап, ақшалай қаражатпен марапаттады.

Әрине, біз көпұлтты және көпконфессиялы қоғам екенімізді ұмытпау керекпіз, бірақ мемлекеттік тіл – қазақ тілін ары қарай дамытуымыз керек. Қоғамда мемлекеттік тілді дамытуға күш жетерлік үлес қосып отырған, өзге ұлт өкілдері - мемлекеттік тілде іс жүргізушілер марапатталды (Аласкаров Вугар, Чистоклетов Дмитрий).

Қазір біз өркендеудің жаңа жолына, әлеуметтік дамудың жаңа кезеңіне бет алдық. Біздің күш – халықта, біздің күш – бірлікте. Дәл осы қағидадан еліміздің өркендеуі мен дамуы бастау алады. Қазақстан Елбасы ұсынған 5 институционалдық реформамен анықталған ел дамуының жаңа кезеңіне көшті. Жаңа экономикалық бағамда жаңа бағдарламалар, оның бағыттары және нәтижеге жету жолдары көрсетілген. Сол бағытты ұстанып, болашаққа сеніммен қарайық!