Қазақстан Республикасындағы хабар
тарату саласындағы ұлттық оператор

Жамбыл облысының "Тараз" РТС-нда жоспардан тыс жұмыстар жүргізіледі

2022 жылы 13 мамыр сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен) Жамбыл облысының «Тараз» радиотелевизиялық станциясында телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдары өшіріліп, жоспардан тыс жұмыстар жүргізілетін болады. Сол себепті, «Народное радио (Дала FM)», «Авторадио Казахстан», «Радио NS», «Ретро FM», «Русское радио Азия», «Европа Плюс Казахстан», «Жулдыз FM», «Қазақ радиосы», «Шалқар радиосы», «Радио Дача» радио арналары уақытша өшіріледі.

«Қазтелерадио» АҚ уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Қоғамның Сall-орталығына мына нөмірлер бойынша хабарласа аласыз: 8 8000 800 193 (ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін), +7 (727) 2 581 500. Сондай-ақ, abonent@otautv.kz электрондық поштасына хабарлама жіберуге болады.