Қазақстан Республикасындағы хабар
тарату саласындағы ұлттық оператор

«Ата заң – алтын тұғырым» тақырыбында викторина өткізілді

2021 жылғы 27 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай мемлекеттік тілді дамыту мен танымал етуге ықпал жасау мақсатында «Қазтелерадио» АҚ Орталық аппаратында «Ата заң – алтын тұғырым» тақырыбында тест-викторина өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Қоғамда мемлекеттік тілді дамытуға ықпал ету. Викторинаның сұрақтары еліміздің басты заңының мазмұны бойынша жинақталды. ОА жұмыскерлері іс-шараға белсенді түрде қатысты. Викторина қорытындысы бойынша тез әрі толық жауап берген алғашқы үш жеңімпаз анықталды:

Викторина жеңімпазы – Инфокоммуникациялық технологиялар департаментінің 1 санатты инженері Әкіштай Ерқанат;

Екінші нәтиже көрсеткенАктивтерді басқару қызметінің жетекші инженері Толеубаев Мурат;

Үшінші үздік нәтижеге қол жеткізген жұмыскер – Маткеримов Нұрмат, ТРХТ желілерін дамыту қызметінің 1 санатты инженері.

Бұлардан басқа:

Саржанов Ж. – Күрделі құрылыс қызметінің жетекші инженері;

Избасарова А. – Маркетинг және қызметтерді алға жылжыту департаментінің 1 санатты маманы;

Муханбеткалиева Б. – ЭТРХТ пайдалану қызметінің 2 санатты инженері;

Елеукенова А. – Сату және тұтынушыларды қолдау қызметінің жетекші маманы;

Ербатыров Ж. – ЭТРХТ пайдалану қызметінің жетекші инженері;

Мергалиев Д. – Сату қызметінің жетекші маманы;

Куатбеков С. – Қауіпсіздік қызметінің бас маманы, т.б. жұмыскерлер жақсы нәтижемен белсенділік танытты.

Викторинаға қатысқан барлық жұмыскерлерге белсенділіктері үшін алғысымызды білдіреміз. Жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтап, алдағы уақыттардағы іс-жоспарларына сәттіліктер тілейміз.