Қазақстан Республикасындағы хабар
тарату саласындағы ұлттық оператор

Құрметті қазақстандықтар!

«Қазтелерадио» АҚ Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтайды! Осыдан тура 30 жыл бұрын, 1 желтоқсанда тұңғыш бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің Президенті болып жарияланды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – мемлекеттің бірегей үлгісін жасаған аса көрнекті мемлекет қайраткері және сарабдал саясаты, ақыл-ойы мен дарыны әлемдік тұлғаларды тәнті еткен Ұлт көшбасшысы. Бүгінде Қазақстан – бұл нық орныққан ұлтаралық келісімі бар және экономикасы тұрақты дамып келе жатқан мемлекет.

Сіздерге зор денсаулық, бақыт және отбасында береке-бірлік тілейміз. Жақындарыңыз аман болсын! Отанымыз жыл өткен сайын нығая берсін! Әр ісіміз сәтті болып, олардың нәтижелері ең асыл үміттерімізді ақтасын!