Қазақстан Республикасындағы хабар
тарату саласындағы ұлттық оператор

​«Қазтелерадио» АҚ макулатура сатуды жоспарлауда

"Қазтелерадио" АҚ макулатура сатылатыны жөнінде хабарлайды, коммерциялық ұсыныстар 2019 жылы қазан айының соңына дейін қабылданады.

Орналасқан жері және шамамен салмағы:

- Алматы қ., әл Фараби даңғ., 118, шамамен салмағы – 500 кг.

Коммерциялық ұсыныстар макулатураны өзі тиеп алып кетуге келіскен жағдайда қабылданады. Сондай-ақ, макулатураның салмағы шамамен көрсетілген салмақтың 70 %-ына дейін артуы мүмкін екендігін де ескеру қажет.

Әлеуетті сатып алушы тек бір коммерциялық ұсыныс беруге құқылы, ол әлеуетті сатып алушының қолы және мөрімен бекітіліп, төмендегідей мәліметтер мен құжаттардан тұруы тиіс:

1) Әлеуетті сатып алушының атауы, заңды және нақты мекенжайы (заңды тұлға үшін), патентінің және жеке куәлігінің (төлқұжатының) нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты жері (жеке тұлға үшін), БСН (ЖСН) және банктік деректемелер;

2) Қызмет түріне берілген лицензия: макулатураны жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және сату;

3) Таразыға өзі тартып, тиеп және тасып әкету шартымен, бір кг құны;

4) Мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі;

5) Тексеруден өткен, сертификатталған таразысы бар екендігі туралы ақпарат;

Әлеуетті сатып алушылар коммерциялық ұсыныстарды хабарландыру шыққан күннен бастап мына мекенжайға жібере алады: Алматы қ., әл Фараби даңғ., 118, сағ. 08:00 - 17:00 дейін (үзіліс сағ.12:00 - 13:00), телефон: 8 (7172) 444-500 (ішкі нөмірлер 1052, 1305, 1307).
Коммерциялық ұсыныстарды қабылдау 2019 жылғы 31 қазанда 17 сағат 00 минутта тоқтатылады.