Қазақстан Республикасындағы хабар
тарату саласындағы ұлттық оператор

​GALAM TV-де жаңа 19 арна

"GALAM TV" интернет-қызметі жаңа телеарналармен толықты. Карантин уақытында "GALAM TV" тегін қосымшасында жаңадан 19 телеарна қолжетімді болды. Олардың арасында «Рыбалка и охота int.», «Еврокино», «РБК-ТВ», «Детский мир», «Наше любимое кино», «HD Music Television», «TNT Music» және тағы да басқа көптеген ойын-сауық және танымал телеарналар бар.

Интернет қызмет қосымшасын App Store және PlayMarket дүкендерінен жүктеп алуға болады, сонымен қатар www.galamtv.kz интернет сайтынан ашып қарай аласыз.

Естеріңізге сала кетсек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 вирустық инфекциясын пандемия деп жариялағанына байланысты, Қазақстан Республикасы азаматтарының өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында 2020 жылдың 16 наурызынан 15 сәуірге дейін бастап елімізде төтенше жағдай жарияланған болатын.

Айта кетерлік жәйт, бүгін 10 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-жомарт Тоқаев Нұрсұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен бірнеше облыста карантинді сәуірдің соңына дейін жалғастыруға тапсырма берді.