Қазақстан Республикасындағы хабар
тарату саласындағы ұлттық оператор

​1 қыркүйекте тікелей эфирде

Теледидар арқылы оқу жылының басталуы. Қазақстанда 1 қыркүйекте мектеп оқушылары үшін қашықтан оқу, оның ішінде телеарналарда бейнесабақ өткізу арқылы білім алу басталады.Сабақ күніне 9 сағат бойы«Балапан» және «Ел-Арна» бағдарламаларының эфирінде таратылады. Әрі сабақ біткен соң бейнеоқулар интернетке салынып, барлық оқушылар үшін қолжетімді болады.

Сабақ мемлекеттік жалпыміндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқу жоспары мен бағдарламасы бойынша екі тілде жүргізіледі.

Бүгінгі таңда цифрлық эфирлік телехабар таратуды енгізу бойынша мемлекеттік жобаны жүзеге асыру аясында, 492 радиотелевизиялық станция қолданысқа енгізілген. Осылайша, ел халқының 86 пайызында қазақстандық телеарналарға тегін қосылуға мүмкіндігі бар. Цифрлық телевизияның бұл нысандарына «Балапан» мен «ЕлАрна» арналары міндеттітүрде қосылған.

Айта кетерлік жәйт, мектеп оқушылары үшін бейнесабақтар «GALAM TV» интернет-телевизия қосымшасында және www.galamtv.kz порталында қолжетімді. «GALAM TV» интернет қызметінде отандық 24 телеарна мен 10 радиоарна хабар таратады, оның ішінде «Балапан» мен «ЕлАрна» телеарналары бар. «GALAM TV» қосымшасы AppStore және PlayMarket интернет-дүкендерінде қолжетімді. Пайдаланушылар оны жүктеп, тіркелуі қажет, әрі итнтернет қызметіне қосылу үшін абоненттік төлемақы төлеудің қажеті жоқ.