Қазақстан Республикасындағы хабар
тарату саласындағы ұлттық оператор

​Құрметті Қазақстандықтар!

Құндылығы зор, салмағын ешкім өлшеп біле алмайтын ұлық мереке, Тәуелсіздік күні құтты болсын! Тәуелсіздік – мемлекеттің бүкіл болмысының негізі, ең басты игілігі. Ата-бабамыз аңсап өткен тәуелсіздікке жетіп, көк байрағымыз көкке көтеріліп, елімізде егемендіктің таңы атқалы 30 жыл болды!

Егемен елімізде әрқашан тыныштық пен бейбітшілік болсын, тәуелсіздігіміз тұғырынан таймасын! Сіздерге және отбасыларыңызға бақыт, денсаулық, байлық пен береке тiлеймiз. Елiмiздiң ертеңі жолында атқарып жатқан еңбегiмiз жана берсін!