Қазақстан Республикасындағы хабар
тарату саласындағы ұлттық оператор

«Шұбалаң» РТС-нда жоспардан тыс жұмыстар жүргізіледі

Қостанай облысының «Шұбалаң» радиотелевизиялық станциясында радиохабар таратудың техникалық құралдарын өшіре отырып, жоспардан тыс жұмыстар жүргізілетін болады. 1 – 2 маусым айында сағат 09:00 мен 17:00 аралығында (Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен) «Qazaq radiosy» радиоарнасы уақытша тоқтатылады. «Қазтелерадио» АҚ уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Сіз Қоғамның call-center-іне мына нөмір бойынша хабарласа аласыз: 8 8000 800 193 (ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін) , +7(727) 2 581 500, сондай-ақ, электрондық поштаға хабарлама жіберуге болады: abonent@otautv.kz.