Қызылорда облысының "Қызылорда" РТС-нда жоспардан тыс жұмыстар жүргізіледі
2023 жылдың 3-4 сәуірінде сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін (Астана қаласының уақытымен) Қызылорда облысының «Қызылорда» радиотелевизиялық станциясында телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдары өшіріліп, жоспардан тыс жұмыстар жүргізілетін болады. Сол себепті, «Народное радио», «Авторадио Казахстан», «Русское радио Азия», «Европа плюс Казахстан», «Love радио», «Премьер-FM», «Той Думан радиосы», «LUX-FM», «Energy FM» радиоарналары уақытша өшіріледі.
«Қазтелерадио» АҚ уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Қоғамның Сall-орталығына мына нөмірлер бойынша хабарласа аласыз: 8 8000 800 193 (ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін), +7 (727) 2 581 500. Сондай-ақ, abonent@otautv.kz электрондық поштасына хабарлама жіберуге болады.
AO "Қазтелерадио контактілері"
Сенім телефоны 8(727) 244-45-00 (вн: 1247)