Қазақстан Республикасындағы хабар
тарату саласындағы ұлттық оператор

Қазақстанда «Қазтелерадио» ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімдіктегі теле-, радиоарналардың тізімі бекітілді

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылдың 17 маусымындағы№172 бұйрығымен, телерадиохабар тарату саласындағы ұлттық оператор «Қазтелерадио» АҚ тарататын теле-, радиоарналар тізімі бекітілді. «Телерадиохабар тарату туралы» ҚР Заңының13-бап 2-тармағына сәйкес, «Телерадиохабар тарату саласындағы Ұлттық оператор тарататын еркін қолжетімдіктегі теле- және радиоарналар тізімін телерадиохабар таратуды дамыту мәселелері бойынша Комиссияның нұсқаулықтары бойынша құру уәкілетті орган белгілеген байқау негізіндегі тәртіпте жүзеге асырылады.

Еркін қолжетімдіктегі теле-, радиоарналар тізімін жасау бойынша байқау жүргізу туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды.

Байқауға қатысатын үміткерлердің сұранымдарын қарау және жеңімпаздарды анықтау бойынша ұсыныстарды енгізуді телерадиохабар таратуды дамыту мәселелері бойынша Комиссия жүзеге асырады.

Еркін қолжетімдіктегі теле-, радиоарналар тізімін құру кем дегенде үш жылда бір рет өткізіліп тұрады».

Телерадиохабар тарату Ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімдіктегі теле-, радиоарналар тізімі