2016 жылдың 14 қарашасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында «Қазтелерадио» АҚ Ермек Тұрсұновтың «Кемпір» фильмінің көрсетілімімен ардагерлер үйінің тұрғындарына қайырымдылық іс-шарасын өткізді.
Фильмнің көрсетілімі Алматы қалалық ардагерлер үйінің акт залында өтті. Картинаның жалпы стилі мен жан дүниесі Шәкен Аймановтың мұрасымен сбақтастық тауып, ортақ жерлері бола тұра, түпнұсқалылығы мен ерекшелігін жоғалтпаған туынды.
Алыс ауылдан келген екі қариялар — Қайырғали мен Күлпәштың отбасылық көңілді оқиғасын ардагерлер тыныштықта, бір деммен қарап шықты.
Ардагерлерге үшін тағы бір үлкен қуаныш бұл фильмнің режиссері — Ермек Тұрсұновты көзбе-көз көріп, оған алғыстарын білдіріп, сондай-ақ басты рөлдерді сомдаған актерлер — Ғазиза Әбдінәбиева мен Қадырбек Демесінге өз сұрақтарын қоюы болды.
Қартайған шақтағы махаббат – жақсы тақырып. «Үнемі ойландыратыны жасың келіп, қартайғанда махаббат бола ма, әлде ол жай ғана бірге өткізген уақыт пен бір-біріне құрметпен қарау әдеті ме. Осындай картиналардың арқасында біз махаббат жасқа қарамайтыны, ғажайыптардың кез-келген жаста болатынын білдік» — деп актриса Ғазиза Әбдінәбиева өз ойымен бөлісті.
Іс-шараның соңында ұйымдастырушылар ардагерлерге естелік сыйлықтар тапсырды, ал ардагердер үйінің кітапханасы Ермек Тұрсұновтың қызықты фильмдері және «Прелюдия», «Мұстафа Шоқай», «Мамлюк», «Келiн», «Семь дней в мае», «Билет в один конец» атты кітаптарымен толықты.
«Қазтелерадио» АҚ ардагерлерді өткен қарттар күнімен және келе жатқан мерекелерімен құттықтап, махаббат пен еңбек, ұрпақтар сабақтастығы барлығы бір-бірімен тығыз байланысты, іске, бір-біріне деген жақсы қарым-қатынас дәстүрі өмір сүреді және сақталып қалады.
Қарттар үйі мен балалар үйіне арнап қайырымдылық шараларын өткізу «Қазтелерадио» АҚ үшін дәстүрлі шараға айналуда. Жыл сайын соғыс ардагерлері мен еңбек майданы арлагерлеріне көмек көрсетіп, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнап әртүрлі шаралар ұйыдастырады.