Scroll to top
ru kz

Даму стратегиясы

Миссия туралы ақпаратпен қоса, Қоғам туралы жалпы ақпарат:

Компания туралы

«Қазтелерадио» акционерлік қоғамы – республика халқын эфирлік және жерсеріктік желілер арқылы телевизия мен радиохабар тарату бағдарламаларын қабылдаумен қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық оператор. 

Мақсаттар:

– Қазақстан Республикасы халқының ақпараттық ресурстарға тең құқықты кепілді қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету;

– корпоративтік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру.

Қызметтің стратегиялық бағыттары:

1. Қазақстан Республикасы халқының ақпараттық ресурстарға тең құқықты кепілді қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету:

– Цифрлық эфирлік телехабар таратуды енгізу және дамыту;

– Спутниктік телерадио хабарларын тарату желісін дамыту;

– Мемлекеттік радиохабар тарату желісін енгізу және дамыту;

– Интернет-хабар таратуды дамыту;

– Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуді қамтамасыз ету;

2. Қызметтер нарығын дамыту: 

– ЦЭТХТ желісіндегі республикалық телеарналардың хабар тарату торына өңірлік контентті енгізу;

– Спутниктік байланыс арналарын пайдалана отырып қызметтерді кеңейту; 

– Деректерді беру, Интернет желісіне қол жеткізу бойынша қызметтерді кеңейту.

3. «Қазтелерадио» АҚ қызметінің тиімділігін арттыру және корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру:

– Қызмет тиімділігін арттыру және тәуекелдерді бағалау;

– Адам ресурстарын басқару тиімділігін арттыру.

Қоғам  қызметтің мына негізгі түрлерін жүзеге асырады:

– тұтынушыларға телерадио хабарларын тарату,  деректер жіберу, Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін көрсету үшін өзіне меншікті телекоммуникацияның ақпараттық жүйелері  мен желілерін жобалау, құрылысын салу және пайдалану, сондай-ақ жалға алынғандарын пайдалану;

–  телерадио хабарларын тарату және телекоммуникация желісінің қолданыстағы материалдық-техникалық базасын, арнайы және қорғаныстық мәні бар телекоммункациялық  жүйелер конверсиясымен қоса,  олардың әлемнің ең жаңа технологиялық әзірлемелерін интеграциялануын тиімді пайдалану, осы негізде цифрлық  эфирлік телерадио хабарларын таратудың, жерсеріктік телерадио хабарларын таратудың және деректер жіберудің заманауи ұлттық жүйесін құру;

– көпбағдарламалы  жерсеріктік, кәбілдік және эфирлік телевизия мен радионы, оның ішінде мемлекеттік және коммерциялық телерадиобағдарламаларды, жергілікті және шетелдік өндірістің білім беру және оқу бағдарламаларымен қоса, енгізу, пайдалану және тарату бойнша қызметтерді ұсыну;

– жоғары сапалы телевизия және радиохабар таратумен қамтамсыз ету;

– телерадио хабарларын тарату саласында, оның ішінде телевизиялық және радиобағдарламаларды бірбағдарламалы  эфирлік трансляциялау  бойынша және цифрлық телевизия мен радио желілері арқылы  бағдарламаларды көпбағдарламалы эфирлік трансляциялау бойынша қызметтер ұсыну;

– телевизия, радиохабар тарату, ғарыштық байланыстың жерүсті жүйелері, цифрлық телерадио хабарларды тарату және кәбілдік телевизия саласындағы озық технологиялар негізінде техникалық құралдарды  дамыту және әзірлеу;

– байланыстың  жаңа қызметтерін көрсету мақсатында зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру және телерадио хабарларды тарату құралдарын әзірлеу;

– сәулет, қала құрылысы  және құрылыс қызметі саласындағы Қоғам қызметінің негізгі түрлеріне сәйкес келетін жұмыстарды орындау.