Ішкі аудит қызметінің (бұдан әрі – қызмет) миссиясы Директорлар кеңесіне және «Қазтелерадио» АҚ басшылығына стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін тәуекелдерді басқару міндеттерін шешуге және бизнес-процестерді жақсартуға қажетті көмек көрсету болып табылады. Қызметтің негізгі міндеттері:
— ішкі бақылау жүйесінің сенімділігі мен тиімділігін бағалау;
— тәуекелдерді басқару жүйесінің сенімділігі мен тиімділігін бағалау;
— Компаниядағы корпоративтік басқару процесін жетілдіруді бағалау.
Қызмет Директорлар кеңесін Компанияда жұмыс істейтін ішкі бақылау рәсімдерінің тиімділігі туралы тәуелсіз және объективті ақпаратпен қамтамасыз етеді. Ішкі бақылаудың тиімді тетіктері Компанияның мақсаттарына қол жеткізу мақсатында жасалатын операциялардың дер мезгілінде әрі дұрыс болуын қамтамасыз ету үшін қажет.
Қызмет компанияның ішкі бақылау жүйесіндегі кез келген кемшіліктерді анықтайды және тәуекелдерді азайтуға және ішкі бақылау жүйесі мен процестерді жақсартуға бағытталған ұсыныстар жасайды. Ішкі аудиторлар, сонымен қатар, әр бизнес-бірлікте қабылданған шаралардың орындылығын бағалайды, өнімділік пен жұмыс тиімділігінің жоғарылауына әкелетін оң өзгерістерді ұсынады.
Қызмет басшысы Компанияның Директорлар кеңесінің алдында Қызметтің жұмысы туралы тоқсан сайын есеп береді, Компанияда корпоративтік басқаруды жақсартуға және тәуекелдерді басқаруға бағытталып берілген ұсынымдар туралы хабарлайды.
Қызмет өз жұмысында Қазақстан Республикасының заңнамасын, Жарғыны, Компания органдарының шешімдерін, «Қазтелерадио» АҚ Ішкі аудит қызметі туралы ережені, «Қазтелерадио» АҚ ішкі аудитті ұйымдастыру саясатын басшылыққа алады. Қызметтің жұмысы Ішкі аудиторлар институты (IIA) әзірлеген ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттарына негізделеді.