Scroll to top
ru kz

«Қазтелерадио» АҚ жерсеріктік OTAU TV телевизиясының хабар таратуын қазақстандық KazSat-3 жерсерігіне көшіруді аяқтады

Бұл жөнінде бүгін ақпарат орталығында өткізілген баспасөз-конференциясында «Қазтелерадио» АҚ Шығыс-Қазақстан бойынша сату орталығының бастығы Бахыт Қалиев мәлімдеді.

Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысы бойынша OTAU TV жерсеріктік телевизиясының абоненттері 70 000-нан астам үй шаруашылықтарын құрайды. Біздің облыс бойынша KazSat-3 жерсерігіне 95% абонент қабылдау жабдықтарын ауыстырды.
Әлі күнге дейін қайта күйге келтіруді жүргізбеген абоненттер, дилердің көмегіне жүгінуіне немесе otautv.kz сайтында жарияланған бейне-нұсқаулыққа сәйкес өздігінен ауысуларына болады. Ауыспаған жағдайда Жаңа жылдық мереке күндері теледидар хабарларынсыз қалуы мүмкін. Қазақстандық КазСат-3 жерсерігіне ауысу 2017 жылдан бастап HD (жоғары сападағы арналар) арналарды тамашалай алатын абоненттер үшін ғана емес, сондай-ақ бүтіндей еліміз үшін де үлкен маңызды.
Телкоммуникациялық KazSat-3 ғарыш аппараты мемлекеттік органдар тәуелсіз байланыс арналарын қамтамасыз ету үшін, телекоммуникациялық қызметтерді, теледидар және жоғары жылдамдықты Интернет желісіне қатынауды ұсыну, сондай-ақ еліміздің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында іске қосылды. Әрине, отандық жерсеріктің пайдасына таңдау, экономикалық мақсатқа сәйкес қабылданған, олар шетелдік жерсеріктерді жалдауға кететін қаражатты үнемдеу. Енді жергілікті компаниялар отандық жерсерікке өту кезінде келісім-шарт жүргізу кезінде шетелдік валютамен емес теңгемен жасалып, сондай-ақ жалға алу қаражаты шетелге емес өз елімізде қалатын болады, — деп мәлімдеді Бахыт Қалиев.

Спикер атап өткендей, ұлттық жерсеріктік телевизияның хабар таратуын отандық ғарыш аппаратына көшіру жұмыстарына әкімшіліктер мен ішкі саясат бөлімдері, Казсат- жерсерігіне көшу кезіндегі ақпараттық қолдау көрсеті осыларыдың барлығы осы жобаны жүзеге асырудағы жетістіктің басты факторларының бірі болып табылады.

-Қазақстандық өнімді таңдай отырып, біз ел экономикасын дамытуға өз үлесімізді қосамыз. Сонымен қатар, отандық телерадио хабарларын таратуды қолдау – бұл бірінші кезекте әлеуметтік мәселе, өйткені теледидар – оның қызықты көңіл көтеретін құрамымен және әлеуметтік маңызды ақпаратпен қатар қоғамдның рухани дамуына да өз әсерін тигізеді, — деп жалғастырды Бахыт Қалиев.

Ақпарат: «Қазтелерадио» АҚ басты міндеттерінің бірі халық арасында ақпараттық теңсіздікті төмендету, цифрлық эфирлік телевизияға көшу, аналогтық хабар таратуды өшіру. Әр бағыттың өз кезеңі бар, олардың ішінде РТС құрылысы, шалғай елді мекендерінде ұлттық эфирлік және жерсеріктік OTAU TV телевизиясын тұтынушыларылар санының ұлғаюы. Қазіргі таңда жерсеріктік телевизия Бүгінгі таңда жерсеріктік телевизияның абоненттер саны 1 миллионнан астам үй шарушылығын құрайды, ал бұл 4 миллионан астам қазақстандық. Цифрлық эфирлік хабар таратумен Қазақстанның 74% халқы қамтамасыз етілген.

Related posts

Post a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *