«Қазтелерадио» АҚ телерадиохабарларын тарату желісінде алдын-алу жұмыстарын жүргізу туралы баспасөз хабарламасы
Ұлттық телерадио хабарларын тарату операторы (әрі қарай — «Оператор») «Қазтелерадио» АҚ (бұдан әрі — Қоғам) спутниктік және эфирлік желі арқылы теле- және радио хабарларын таратуды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация Министрінің 2012 жылғы 20 маусымдағы № 352 бұйрығымен бекітілген Телерадио хабарларын таратудың техникалық жүйелерін пайдалануға беру Ережесінің 6-тармағына сәйкес Оператордың теле- және радиохабар тарату жүйелерін техникалық пайдалану жөніндегі әрекеттеріне мыналар жатады:
1) теледидар және радио хабарларын тарату жүйелерiн қолдануға тиiмдi жағдайда ұстау және осы Ережелер мен басқа да нормативтiк-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес оларды пайдалану;
2) телевизия және радиохабар тарату жүйелері мен жабдықтарына уақтылы және сапалы техникалық қызмет көрсету, жоспарлы алдын-алу жұмыстары, тестілеу, жаңғырту және қайта құру;
3) телевизия және радиохабар тарату жүйелерінің жұмысының сенімділігін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Сондай-ақ, жоғарыда аталған Ереженің 97-тармағына сәйкес тоқсан сайын кешенді профилактикалық жұмыстар мен өлшемдер тоқсанына бір рет жүргізіледі.
Арналарды өшіру Қоғамның техникалық орталықтарының тиісті жыл бойынша бақылау өлшемдері мен Қоғаммен келісілген және бекітілетін алдын-алу жұмыстарының кестесіне сәйкес 18 сәуір күні Астана уақытымен сағат 03.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Алдын алу жұмыстарының басталу уақыты күнделікті таратылатын барлық бағдарлама сеткасының аяқталуымен байланысты. Көптеген телеарналардың орташа тәуліктік хабар тарату уақыты 20 сағатты құрайды. Рaдиобайланыс тәулік бойы жұмыс істейтін радиостанцияларды қоспағанда, телевизиялық және радиокомпаниялар тарапынан хaбaр тaрaтудың жылдық көлемін құрaстырған кезде, aлдын-алу жұмыстарына арналған уaқыт есепке aлынады. Жабдықты жөндеу және алдын ала тексерудің мерзімділігі мен көлемі оның жұмысының барлық кезең ішіндегі тексерулер арасында үздіксіз болуын қамтамасыз етеді.
Алдын-алу жұмыстарының ұзақтығы кешкі сағат 17:00-ге дейін жүргізілу себебі барлық технологиялық жабдықта жұмыс істеу үшін күндізгі уақытты пайдалану қажеттілігімен, сондай-ақ антенналық-діңгектік құрылғыларда (АДҚ) орналасқан антенналық-фидер құрылғыларының (АФҚ) жай-күйін тексеру қажеттілігімен байланысты. Сондықтан, биік ғимараттарда жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау үшін күндізгі уақытты пайдалану қажет.
Сондай-ақ, АДҚ биіктігі бойымен аналогтық және цифрлық эфирлік теледидарының антенналық жүйелерінде жұмыс істеу үшін электр көзін міндетті түрде өшіруді талап етілетіндігін атап өткен жөн, өйткені электромагниттік өрістердің (ЭМӨ) нормаларынан асатын аймақтарда АФҚ-мен жұмыс жасауға тыйым салынады, бәрімізге белгілі АФҚ-мен жұмыс жасау адам денсаулығына зиян келтіретін электромагниттік сәулемен байланысты.
2009 жылғы 15 желтоқсандағы ҚРҮҚ №2117 Қаулысымен бекітілген «Көтергіш жабдықтарға қойылатын қауіпсіздік талаптары» техникалық регламенті.
2008 жылғы 31желтоқсандағы ҚРҮҚ 1353 бекіткен «Металл конструкцияларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті.
ҚР ҚНжЕ 1.03-05-2001 «Құрылыстағы еңбек қауіпсіздігі және техникалық қауіпсіздігі».
Жоспарлы алдын алу жұмыстарын жүзеге асыру барысында қандай да болсын мемлекеттік және коммерциялық телеарналарды қосу мүмкін емес, өйткені жұмыс жабдықтың толық жиынтығымен орындалады (коммутациялық тізбектер, кодтау, мультиплекстеу, модуляциялау жабдықтары, күшейткіштер және антенналық жүйелер).