Scroll to top
ru kz

​«МИР 24» телеарнасы «Қостанай», «Павлодар» және «Үлкен Шаған» радиотелевизиялық станцияларынан хабар таратуын бастайды

Ағымдағы жылы 16 қыркүйектен бастап «МИР 24» телеарнасы Қостанай, Павлодар және Талдықорған қалаларында цифрлық эфирлік телехабар тарату желісінде көрсететін болады. Тағы бір айта кетерлік жәйт, аталған қалаларда «СТВ» телеарнасының хабар таратуы тоқтатылады. Бұл шешім «Рахат ТВ» ЖШС Тәуелсіз телекомпаниясының осы аумақтарда хабар таратудан бас тартуына байланысты қабылданды. Сондықтан, Мемлекетаралық «МИР» телерадиокомпаниясының Қазақстан республикасындағы Ұлттық филиалымен арада келісім-шарт жасасу туралы шешім қабылданды. Естеріңізге сала кетсек, ҚР «Теле радио хабар тарату туралы» Заңының, 42 бабы, 4 тармағына сәйкес; «Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшу кезінде әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында аналогтық жиіліктер белдеулері, радиожиіліктер арқылы таратылатын телеарналар аталған жиіліктерді, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) босатады және телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы оларды цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратудың телеарналар топтамасына міндетті түрде тегін қосады. Бұл теле-, радиоарналарды тарату жасалған шарттар негізінде белгіленген тарифтерге сәйкес жүзеге асырылады».

Related posts

Post a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *