Алматыда «Қазтелерадио» АҚ 300 шақты қызметкері сыпырғы, тырма мен қоқысқа арналған қап алып көшеге шықты. Қоғам мамандары «Үлкен Алматы» өзені арнасының Өтегенов көшесінен тоғанға дейінгі бөлігін, сонымен қатар «Қазтелерадио» АҚ орталық аппараты ғимаратының айналасындағы жер аумағын тазалап шықты. Алматыда 14 қыркүйек күні ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ұйымдастыруымен «Бірге таза Қазақстан» қозғалысының аясында жалпыреспубликалық акция өтті.