Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тiзбесiн қалыптастыру бойынша конкурс жариялайды.
Конкурс Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 494 бұйрығымен бекітілген және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 4 маусымда № 11272 тіркелген «Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі- Қағидалар) сәйкес өткізіледі.
Қағидаларға сәйкес конверттерді ашу 2020 жылғы 13 тамызда сағат 15.00-де мына мекен-жайда өтеді: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8 үй (Министрліктер үйі), 14 — кіреберіс, (745-бөлме). Конкурс қорытындысы конверт ашылған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде шығарылады.
Ұлттық оператор тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін теле-, радиоарналардың цифрлық эфирлік телерадио хабар таратудағы таратылуы радиотелевизиялық станциялар арқылы төмендегі кестеге сәйкес жүзеге асырылады.