Қарағанды облысының 5 радиотелевизиялық станциясында ЦЭТВ уақытша қосылды.»Жастар», «Пионер», «Осакаровка», «Сұңқар», «Қантай» станцияларында 28 қыркүйектен бастап 10 күн бойы цифрлық эфирлік телевизия хабар таратады. Бұл радиотелевизиялық станциялардың қамту аумағына 25 елді мекен кіреді. Атап айтқанда, Степное, Шидерті, Құтұмсық, Тельман, Молодежный, Ақбұлақ, Колхоз, Осакаровка, Озерное, Есіл, Есенгелді, Қантай, Изумрудное, Самарқа, Пахотное, Сегізінші ауыл, Hиколаевка, Сұңқар, Сельстрой, Садовое, Топан, Қоянды, Приишимское, Пионерское және Орталық ауылдары.