Құрметті әріптестер мен серіктестер!
Соңғы кездері «Қазтелерадио» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) басшылығының атынан белгісіз нөмірлерден қоңыраулар мен хабарламалар түскен оқиғалардың тіркелгеніне Сіздердің назарларыңызды аудартқымыз келеді.
Қоғам басшылығы жұмыскерлерге ақпарат сұрау үшін немесе қандай да бір басқа да операцияларды орындау үшін телефон қоңыраулары немесе мессенджерлер арқылы хабарласпайтынын атап өткіміз келеді. Қоғам басшылығының кез келген ресми сұраулары Қоғамның электрондық құжат айналымы арқылы немесе тікелей бөлімше басшылары арқылы жіберіледі.
Біз компанияның барлық жұмыскерлері мен серіктестерін сақ әрі жауапкершілікті болуға шақырамыз. Белгісіз нөмірлерден келген, өздерін Қоғам басшылығы ретінде көрсететін хабарламалар мен қоңырауларға жауап бермеңіздер.
Осындай хабарламалар мен қоңыраулар келіп түскен жағдайда, ол нөмірді бұғаттап, бұл туралы Қоғамның Қауіпсіздік қызметіне мына байланыс нөмірі арқылы хабарлауды өтінеміз: 8(727)2444500, ішкі 1160.
Ақпараттың құпиялылығы мен қауіпсіздігін сақтау — біздің басты міндетіміз. Түсіністік танытқандарыңыз және ынтымақтастығымыз үшін алғысымызды білдіреміз.
Құрметпен,
«Қазтелерадио» АҚ Қауіпсіздік қызметі.