Құрметті әріптестер ме серіктестер!
«Қазтелерадио» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) басшылығы немесе жоғары тұрған мемлекеттік органдардың жұмыскерлерінің атынан белгісіз нөмірлерден соғылатын қоңыраулар мен белгісіз сайттардан келетін хабарламалардың жиілеп кеткеніне Сіздердің назарларыңызды аударғымыз келеді.
Компанияның барлық жұмыскерлері мен серіктестерін қырағылық пен жауапкершілік танытуға шақырамыз. Қоғам басшыларының атынан белгісіз нөмірлерден келген хабарламаларға немесе қоңырауларға жауап бермеңіз. Қоғам басшылығынан немесе жоғары тұрған мемлекеттік органдардың (Министрліктің) жұмыскерлерінен келіп түсуі мүмкін сұрау салулар бойынша құпия деректерді, құжаттарды немесе ақшалай қаражатты олардың өзіңізге белгілі нөмірлері арқылы жеке әңгімелесу барысында алдын ала келісіп алмай, жібермеңіз.
Осындай хабарламалар мен қоңыраулар алған жағдайда нөмірді бұғаттауды және бұл туралы Қоғамның Қауіпсіздік қызметіне мына байланыс нөмірі арқылы хабарлауды сұраймыз: 8 (727) 2444500, ішкі 1160.
Ақпараттың құпиялылығы мен қауіпсіздігін сақтау — біздің басым міндеттеріміздің бірі. Түсіністік, пен ынтымақтастық танытқандарыңыз үшін рахмет.
Құрметпен,
«Қазтелерадио» АҚ Қауіпсіздік қызметі.