2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстан цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға (ЦЭТВ) кезең-кезеңімен көшуді жалғастырады. Бұл жолы тізімге ішінара Шығыс Қазақстан, Абай және Атырау облыстарының елді мекендері кіреді. Бұл қадам телевизия бағдарламаларын көруді осы өңірлердің тұрғындары үшін бұрынғыдан да қолжетімді әрі сапалы етуге бағытталған.
Жаңа буын цифрлық теледвизиясы сигналдың жоғары жылдамдығын қамтамасыз етеді және көрермендерге көптеген жаңа мүмкіндіктер ашады. Енді пайдаланушылар көп арналарды, жақсартылған сурет пен дыбыс сапасын, мультимедиялық қосымшаларды, радионы, электрондық хабарлар бағдарламасын, субтитр тілін таңдауды және басқа да көптеген жаңалықтарды тамашалай алады.
Аналогты телевизиядан айырмашылығы, цифрлық сигнал кедергіге төзімді және тіпті ең шалғай елді мекендерде де көрермендерге шуыл мен бұрмалаусыз беріледі. Бұл осы өңірлердің тұрғындары іркілістер және сурет пен дыбыс сапасының төмендігін ұмыта алады деген сөз.
ЦЭТВ-ға көшу Қазақстанда телевизияны дамытудың жаңа бағытын ашады. Цифрландыру шағын елді мекендерде көп телеарна қабылдауға мүмкіндік береді — аналогты форматтағы 2-3 арнаның орнына 15 арнаға дейін қабылдайды. Облыс орталықтарында көрермендерге 30 арна қолжетімді болады. Бұл ретте оларды жіберу үшін қажетті электр энергиясын тұтыну айтарлықтай азаяды.
Бұл қадам барлық азаматтардың өмір сүру сапасы мен ақпараттық қолжетімділігін арттыруға бағытталған елді цифрландырудың жалпы стратегиясының бір бөлігі болып табылады. Төменде аналогты телевизиядан ажыратылып, цифрлық эфирлік телевизияға ауысатын елді мекендердің толық тізімі келтірілген.
Елді мекендер тізбесі:
№ | Облыстың атауы | Ауданның атауы | Елді мекеннің атауы |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Абай | Аягөз | Қопа ауылы |
2 | Абай | Аягөз | Қарақұм ауылы |
3 | Абай | Аягөз | Ақтоғай ауылы |
4 | Абай | Аягөз | Жүзағаш ауылы |
5 | Абай | Аягөз | Таңсық ауылы |
6 | Абай | Аягөз | Тарлаулы ауылы |
7 | Абай | Аягөз | Ақбұлақ ауылы |
8 | Абай | Аягөз | Айғыз ауылы |
9 | Абай | Аягөз | Өркен ауылы |
10 | Абай | Ақсуат | Үштөбе ауылы |
11 | Абай | Мақаншы | Ақшоқы ауылы |
12 | Абай | Үржар | Сегізбай ауылы |
13 | Атырау | Индер | Құрылыс ауылы |
14 | Атырау | Индер | Қызылжар ауылы |
15 | Атырау | Индер | Өрлік ауылы |
16 | Атырау | Индер | Көктоғай ауылы |
17 | Атырау | Қызылқоға | Қоңыраулы ауылы |
18 | Атырау | Қызылқоға | Мұқыр ауылы |
19 | Атырау | Махамбет | Өтешқали Атамбаев ауылы |
20 | Атырау | Махамбет | Ақтоғай ауылы |
21 | Атырау | Махамбет | Көздіқара ауылы |
22 | Атырау | Махамбет | Ақжайық ауылы |
23 | Атырау | Махамбет | Махамбет ауылы |
24 | Атырау | Махамбет | Ортақшыл ауылы |
25 | Атырау | Махамбет | Сарытоғай ауылы |
26 | Атырау | Махамбет | Таңдай ауылы |
27 | Атырау | Махамбет | Есбол ауылы |
28 | Атырау | Махамбет | Жалғансай ауылы |
29 | Атырау | Махамбет | Кеңөріс ауылы |
30 | Атырау | Махамбет | Бала Ораз ауылы |
31 | Атырау | Құрманғазы | Құрманғазы ауылы |
32 | Атырау | Құрманғазы | Жамбыл ауылы |
33 | Атырау | Құрманғазы | Каракөл ауылы |
34 | Атырау | Құрманғазы | Дәулет ауылы |
35 | Атырау | Құрманғазы | Алға ауылы |
36 | Атырау | Құрманғазы | Көкарна ауылы |
37 | Атырау | Құрманғазы | Афанасьев разъезі |
38 | Атырау | Құрманғазы | Hұржау ауылы |
39 | Атырау | Құрманғазы | Орлы ауылы |
40 | Атырау | Құрманғазы | Теңіз ауылы |
41 | Атырау | Құрманғазы | Хиуаз ауылы |
42 | Атырау | Құрманғазы | Ақкөл ауылы |
43 | Атырау | Құрманғазы | Жұмекен ауылы |
44 | Атырау | Құрманғазы | Дәулеткерей ауылы |
45 | Атырау | Құрманғазы | Каспий ауылы |
46 | Атырау | Құрманғазы | Иманов ауылы |
47 | Атырау | Құрманғазы | Қадыр ауылы |
48 | Атырау | Құрманғазы | Құмарғали ауылы |
49 | Атырау | Құрманғазы | Шайхы ауылы |
50 | Атырау | Құрманғазы | Шестой ауылы |
51 | Шығыс Қазақстан | Тарбағатай | Сарыөлең ауылы |
52 | Шығыс Қазақстан | Тарбағатай | Жаңаауыл ауылы |
53 | Шығыс Қазақстан | Тарбағатай | Жаңаталап ауылы |