«OTAU TV« ұлттық спутниктік теледидар желісінде «Caspian News«телеарнасы хабар тарата бастады.
Бұл ҚР Каспий маңы өңірінің жаңа телеарнасы, оның негізгі мазмұны ақпараттық—талдамалық сипаттағы тележобалар болып табылады.
Телеарнаның басым бағыттары — егемен Қазақстанның демократиялық өзгерістерін, экономикадағы, әлеуметтік саладағы, мәдениеттегі өзгерістерді объективті жариялау болып табылады.
Сонымен қатар, телеарна алдына мұнай-газ саласын және ҚР Каспий маңы өңірінің облыстарында шағын және орта бизнесті дамытуды объективті және кеңінен жариялауды мақсат етіп отыр.