Scroll to top
ru kz

Руислам Әбілқанұлы Нұрдәулет – «Қазтелерадио» АҚ Басқарма төрағасы.

2025 жылғы 28 ақпанда Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов «Қазтелерадио» АҚ ұжымына жаңа Басқарма төрағасын таныстырды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен «Қазтелерадио» АҚ Басқарма төрағасы лауазымына Руислам Әбілқанұлы Нұрдәулет тағайындалды.

Руислам Әбілқанұлы Нұрдәулеттің жоғары заң және экономикалық білімі бар. Ол:

  • Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша бітірген (2001 ж.).
  • Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін «Экономика» мамандығы бойынша аяқтаған (2008 ж.).

Орыс және неміс тілдерін біледі.

Жалпы жұмыс өтілі 21 жылдан асты, оның ішінде телекоммуникация саласында 10 жылдан астам жұмыс істейді. Қызмет істеген жылдарында Руислам Әбілқанұлы Нұрдәулет ҚР Қаржы министрлігінде, «Қазақстан телекоммуникациялары» АҚ (Кателко), «ҚазМұнайГаз» АҚ, «Самұрық-Қазына» АҚ-нда жұмыс істеп, мемлекеттік және корпоративтік құрылымдарда басшы лауазымдарды атқарды.

2011 жылдан бастап «Қазтелерадио» АҚ-нда түрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істейді, оның ішінде:

  • Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл қызметінің бастығы;
  • Филиалдармен және мемлекеттік органдармен жұмыс департаментінің директоры;
  • Басқарма төрағасының кеңесшісі;
  • Мемлекеттік органдармен жұмыс жөніндегі басқарушы директор.

Наградалары:

  • ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы» мерейтойлық медалі.
  • ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Қазақ телевизиясының 60 жылдығы» төсбелгісі.

Руислам Әбілқанұлы Нұрдәулеттің тағайындалуы «Қазтелерадио» АҚ-ның тұрақты даму стратегиясын және телерадио хабарларын таратуға заманауи технологияларды енгізуді ұстанатындығын айғақтайды.

Жаңа лауазымда ол мына бағыттарды жалғастырады:

  • цифрлық телехабар таратуды дамыту,
  • телекоммуникациялық инфрақұрылымды жаңғырту,
  • ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыру.

Басқарма төрағасын лауазымға тағайындалуымен құттықтаймыз және жаңа жобаларды іске асыруда табыс тілейміз!

Related posts

Post a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *