Scroll to top
ru kz

АО «Казтелерадио» қызметкерлерін салтанатты марапаттау.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында телерадио хабарларын таратуды дамытуға елеулі үлес қосқан «Қазтелерадио» АҚ қызметкерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Кәсібіне адалдығы, жоғары кәсібилігі және адал еңбегі үшін компанияның қызметкер қыз-келіншектері «Қазтелерадио» АҚ Басқарма төрағасының «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

Марапатталғандар қатарында көптеген жылдар бойы телерадио хабарларын тарату саласына аянбай қызмет етіп келе жатқан түрлі бөлімшелердің мамандары бар. Олардың ішінде:

  • Әлиева Қаракөз Өдилбекқызы – Талдау және желіні бақылау бөлімі жетекші маманы (Орталық аппарат), еңбек өтілі 11 жыл;
  • Баймбетова Асылзат Борибекқызы – Бухгалтерлік есеп департаментінің аға бухгалтері (ОА), еңбек өтілі 28 жыл;
  • Мұханбетқалиева Баян Ерланқызы – Эфирлік телерадио хабарларын тарату қызметінің жетекші инженері (ОА), еңбек өтілі 11 жыл;
  • Қасымжанова Лаура Булатқызы – Өзара есеп айырысу бөлімі жетекші маманы (ОА), еңбек өтілі 2 жыл;
  • Үмбетәлиева Әсел Дүйсенқызы – Заң департаментінің бас маманы (ОА), еңбек өтілі 12 жыл;
  • Рамазанова Самал Қожамқұлқызы – Ақмола облыстық телерадио хабарларын тарату дирекциясының заңгері, еңбек өтілі 20 жыл;
  • Козленко Людмила Юрьевна – Ақтөбе облыстық телерадио хабарларын тарату дирекциясының бас бухгалтері, еңбек өтілі 32 жыл;
  • Қазакова Софья Андреевна – Алматы облыстық телерадио хабарларын тарату дирекциясының телерадио хабарларын тарату желісін мониторингтеу қызметінің бастығы, еңбек өтілі 17 жыл;
  • Амиренова Айгерім Онғарқызы – Алматы облыстық телерадио хабарларын тарату дирекциясы бас бухгалтерінің орынбасары, еңбек өтілі 11 жыл;
  • Рахманова Назила Хайроллина – Атырау облыстық телерадио хабарларын тарату дирекциясының телерадио хабарларын тарату желісін пайдалану жөніндегі жетекші инженері, еңбек өтілі 40 жыл;
  • Бейсембаева Ардақ Ерболатқызы – ДНСТ бас бухгалтері, еңбек өтілі 5 жыл;
  • Донец Галина Николаевна – Жамбыл облыстық телерадио хабарларын тарату дирекциясының персоналды басқару жөніндегі менеджері, еңбек өтілі 17 жыл;
  • Жалмұрзиева Әлия Срашқызы – Батыс Қазақстан облыстық телерадио хабарларын тарату дирекциясының персоналды басқару жөніндегі менеджері, еңбек өтілі 5 жыл;
  • Слабковская Ирина Александровна – Қарағанды облыстық телерадио хабарларын тарату дирекциясы Балқаш радиотелевизиялық станциясының 1-санатты технигі, еңбек өтілі 25 жыл;
  • Қашқымбаева Жанара Жасаевна – Қостанай облыстық телерадио хабарларын тарату дирекциясы Балқаш радиотелевизиялық станциясының бастығы, еңбек өтілі 7 жыл;
  • Макарова Елена Валерьевна – Қызылорда облыстық телерадио хабарларын тарату дирекциясының телерадио хабарларын тарату желісін пайдалану жөніндегі жетекші инженері, еңбек өтілі 24 жыл;
  • Ұңғалбаева Ағрыс Ғалийқызы – Маңғыстау облыстық телерадио хабарларын тарату дирекциясының бас бухгалтері, еңбек өтілі 14 жыл;
  • Бунос Елена Адамовна – Павлодар облыстық телерадио хабарларын тарату дирекциясының бас бухгалтері, еңбек өтілі 12 жыл;
  • Әбдраманова Малика Шотбайқызы – Түркістан облыстық телерадио хабарларын тарату дирекциясы Шолаққорған радиотелевизиялық станциясының 4-разрядты электромонтері, еңбек өтілі 7 жыл;
  • Байсапарова Шынар Арғынғазықызы – Шығыс Қазақстан облыстық телерадио хабарларын тарату дирекциясының бас экономисі, еңбек өтілі 13 жыл;
  • Кербенова Ләйлә Құрметқызы – Шығыс Қазақстан облыстық телерадио хабарларын тарату дирекциясының персоналды басқару жөніндегі менеджері, еңбек өтілі 15 жыл.

Бұл нәзік жандар өздерінің күнделікті еңбегімен жоғары кәсібилігін дәлелдеп, өз ісіне деген адалдығының үлгісі болып келеді. Барлық марапатталғандарды шын жүректен құттықтаймыз және жаңа жетістіктер, табыс пен амандық тілейміз!

 

Related posts

Post a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *