Scroll to top
ru kz

Ансар Маратович Капьятов – «Қазтелерадио» АҚ Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары.

Ансар Маратович Капьятов «Қазтелерадио» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды

2025 жылғы 15 наурызда «Қазтелерадио» АҚ ұжымының Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Жұмабайұлы Ысқақовпен кездесуі өтті. Кездесу барысында Вице-министр Ансар Маратович Капьятовты компанияның Басқарма төрағасының бірінші орынбасары, Басқарма мүшесі ретінде ресми түрде таныстырды. Ол жаңа басшының жоғары кәсібилігін, өнеркәсіп, мемлекеттік басқару және стратегиялық жоспарлау салаларындағы тәжірибесін атап өтіп, оның тағайындалуы «Қазтелерадио» АҚ-ның телерадио хабарларын тарату нарығындағы позициясын нығайтуда маңызды қадам болатынына сенім білдірді.

Ансар Маратович Капьятовтың тағайындалуы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығына 2025 жылғы 15 наурыздағы сәйкес жүзеге асырылып, ол 2025 жылғы 17 наурыздан бастап өз қызметіне ресми түрде кірісті.

Қысқаша өмірбаяны

Ансар Маратович Капьятов Алматы қаласында дүниеге келген. Ол жоғары кәсіби біліктілікке және әртүрлі салалардағы мол жұмыс тәжірибесіне ие:

  • 2016 жылы Лондон университеттік колледжін (University College London) бітіріп, жаратылыстану ғылымдарының магистрі дәрежесін алды.
  • Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген.
  • Өнеркәсіп және мемлекеттік қызмет салаларында жұмыс тәжірибесі бар.
  • «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ-нда инженер, сапа менеджері және жабдықтау жөніндегі маман қызметтерін атқарған.
  • «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының ШЖҚ «Ақпараттық-есептеу орталығы» РМК, сондай-ақ, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің өзінде басшылық қызметтер атқарған.
  • Жалпы еңбек өтілі – 7 жылдан астам.
  • ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасынан және ҚР Ұлттық экономика министрінен Құрмет грамоталарын алған.

«Қазтелерадио» АҚ үшін жаңа мүмкіндіктер

Ансар Маратович Капьятовтың тағайындалуы компанияның жаңа даму кезеңін білдіреді әрі оның телерадио хабарларын тарату саласындағы позициясын нығайтуға бағытталған. Жаңа қызметінде ол:

✔басқару процесстерін оңтайландыруға;

✔стратегиялық жобалардың іске асыру тиімділігін арттыруға;

✔ компания жұмысына инновациялық тәсілдерді енгізуге ықпал етеді.

«Қазтелерадио» АҚ Ансар Маратович Капьяовты жаңа лауазымымен құттықтайды және жаңа бастамаларына табыс тілейді!

Related posts

Post a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *