Құрметті абоненттер!
«Қазтелерадио» АҚ сіздерді Наурыз мейрамымен – көктемнің, жаңарудың және бірліктің жарқын мерекесімен құттықтайды!
Бұл күн сіздің шаңырағыңызға бақыт, жылулық пен береке әкелсін. Өмірлеріңіз қуанышқа, жағымды кездесулер мен жақсы жаңалықтарға толы болсын!
Бізді таңдағандарыңыз үшін алғыс айтамыз. Сіздерге сүйікті телеарналар мен радиобағдарламаларға әрдайым қолжетімді болуға көмектесу үшін жұмысымызды жалғастырамыз.
Наурыз мейрамы құтты болсын! Береке мен молшылық тілейміз!
Құрметпен,
«Қазтелерадио» АҚ