Scroll to top
ru kz

«Қазтелерадио» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары – Коммерциялық директоры, Басқарма мүшесі лауазымына Асель Ботанованың бағайындалуы.

 «Қазтелерадио» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары – Коммерциялық директоры, Басқарма мүшесі лауазымына Асель Ботанованың бағайындалуы.

 

2025 жылғы 7 сәуірде «Қазтелерадио» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары – Коммерциялық директор, Басқарма мүшесі лауазымына Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығына сай Асель Махметовна Ботанова тағайындалды.

Тағайындау туралы шешім компанияның коммерциялық блогын нығайту, басқарудың тиімді модельдерін енгізу және нарыққа қатысуын кеңейту бойынша стратегиялық міндеттерден туындады.

Асель Ботанова корпоративтік басқару, жобаларды құқықтық сүйемелдеу, құқықтық тәуекелдерді талдау, кадрлық менеджмент, сондай-ақ, мемлекеттік және жеке ұйымдардағы ішкі процесстерді оңтайландыру саласында 23 жылдан астам кәсіби тәжірибеге ие. Осы жылдар ішінде ол Мәдениет және ақпарат министрлігінде, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде, сондай-ақ, BI Group және Build Investment Group сияқты елдің жетекші холдингтерінде басшылық қызметтер атқарды.

Асель Махметовна заң ғылымдарының кандидаты, Қазақ мемлекеттік заң университетін үздік бітірген, Халықаралық Бизнес Академиясында операциялық менеджмент курстары бойынша даярлықтан өткен.

Жаңа лауазым шеңберінде Асель Ботанова коммерциялық бағыттарды дамытуға, клиенттермен және серіктестермен өзара іс-қимылды нығайтуға, сондай-ақ, ішкі процесстердің тиімділігін арттыруға жауапты болады.

«Қазтелерадио» АҚ Асель Ботанованы командаға қосылуымен құттықтайды әрі компанияның және телерадио хабарларын тарату саласының игілігі үшін алға қойылған міндеттер мен бастамаларды табысты іске асырады деп сенім білдіреді.

Related posts

Post a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *