Телевизиялық және радио хабарларын үздіксіз әрі сапалы тарату мақсатында «Қазтелерадио» АҚ тоқсан сайын спутниктік, сандық және аналогтық эфирлік желілердің техникалық құралдарына сервистерді тоқтата отырып, жоспарлы-алдын алу жұмыстарын жүргізеді.
2025 жылғы 16 шілдеде сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін спутниктік, сандық және аналогтық эфирлік желілердің техникалық құралдарына сервистерді тоқтата отырып, жоспарлы-алдын алу жұмыстары жүргізіледі. Жұмыстар кезінде Қазақстан бойынша телерадиоарналардың таратылымы уақытша тоқтатылады.
Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс айтамыз және уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!