2025 жылғы 30 шілдеде «Қазақтелеком» АҚ-да «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс» тақырыбында семинар сәтті өтті. Комплаенс қызметі ұйымдастырған іс-шара компанияның орталық аппараты қызметкерлерінің арасында хабардарлықты арттыруға және адалдық қағидаттарын нығайтуға бағытталған болатын.
Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі аспектілері, комплаенс саласындағы халықаралық стандарттар нормалары көрсетіліп, сондай-ақ практикалық кейстер мен корпоративтік ортада сыбайлас жемқорлық қаупін болдырмаудың тиімді әдістері ұсынылды.
«Қазақтелеком» АҚ басшылығы ашық және этикалық корпоративтік мәдениетті қалыптастыру үшін осындай бастамалардың маңыздылығын атап өтті. Семинар қатысушылар арасында белсенді қызығушылық тудырды, олар сұрақтар қоюға және комплаенс саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік алды.
«Қазақтелеком» АҚ осындай іс-шараларды өткізу ішкі бақылау жүйесін одан әрі нығайтуға және компаниядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін арттыруға ықпал ететініне сенім білдіреді.