Scroll to top
ru kz

Білім күнімен!

Құрметті оқушылар, студенттер, ұстаздар мен ата-аналар!

«Қазтелерадио» АҚ сіздерді 1 қыркүйек – Білім күнімен шын жүректен құттықтайды!

Бұл күн әрқашан ерекше толқу мен қуанышқа толы, өйткені ол жаңа, қызықты ашылулар мен жетістіктер әлеміне есік ашады. Білім – еліміздің болашағына салынған ең құнды инвестиция. Әрбір оқушы, жаңа пәндерді меңгеріп, сондай-ақ, өз білімін келешек ұрпаққа жеткізетін ұстаз – Қазақстанның дамуына өз үлесін қосады.

Жаңа оқу жылы сәтті, жемісті және жарқын оқиғаларға толы болсын! Сіздерге жаңа белестерге жету үшін талмай талпыныс, шабыт және барлық жоспарларыңыздың орындалуын тілейміз!

Мереке құтты болсын!

Ізгі ниетпен,
«Қазтелерадио» АҚ ұжымы

Related posts

Post a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *