Ұлттық мейрам – Қазақстанның Республика күні құрметіне 24 қазан күні «Қазтелерадио» АҚ Орталық аппаратында Қоғамда мемлекеттік тілдің дамуына және жұмыскерлердің ел тарихы әрі отансүйгіштік тақырыбындағы дүниетанымын кеңейтуге ықпал ету мақсатында Персоналды басқару және құжаттама департаменті Мемлекеттік тілді дамыту тобының ұйымдастыруымен «Менің Республикам» тақырыбында викторина өткізілді.
Lotes Notes жүйесі арқылы жұмыскерлерге қазақ тілінде Республика күні тақырыбына жинақталған 15 сұрақ жіберілді.
Викторинаға барлығы 14 жұмыскер қатысып, жауаптары есепке алынды. Түскен жауаптарды қорытындылай келе, жеңімпаздар анықталды:
Викторина жеңімпазы – Сатып алу қызметінің бастығы Әділбек Бейдалиев.

Сондай-ақ, екінші нәтиже көрсеткен – Активтерді басқару департаменті Жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу қызметінің жетекші инженері Анар Мукамадиева.

Одан кейінгі үшінші үздік нәтижеге қол жеткізген жұмыскер – Бауыржан Асылбеков, ТВ қызметтер бөлімінің бастығы.

Викторина жеңімпаздарына дипломдар мен корпоративтік сыйлықтар дайындалып, Қоғамның Басқарма төрағасы Руислам Нұрдәулет салтанатты жағдайда табыс етті (суретте). Қоғам басшылығы іс-шараға қатысқан барлық жұмыскерлерге белсенділіктері үшін алғыс айтып, алдағы уақыттардағы іс-жоспарларына сәттілік тіледі.