«Қазтелерадио» АҚ 2026 жылғы 28 қаңтарға жоспарланған ұлттық жерсеріктік, эфирлік цифрлық және аналогты телерадио хабарларын тарату жабдықтарында жасалатын жоспарлы профилактикалық жұмыстардың басқа уақытқа ауыстырылғанын хабарлайды.
Қоғам халық алдындағы өз міндеттемелерін орындай отырып, байланыстың жоғары дәрежеде сенімді әрі қауіпсіз болуын қамтамасыз ету үшін барлық күш-жігерін жұмсайды.
Бұл жұмыстар телерадио хабарларын тарату сапалы болуы үшін қажет. Тоқсан сайынғы жоспарлы профилактикалық жұмыстар кезінде сервис ұзақ уақытқа өшірілетіндіктен, осы кезеңде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да істеледі.
Жоспарлы профилактикалық жұмыстардың жүргізілетін басқа уақыт туралы қосымша хабарланатын болады.