«Қазтелерадио» АҚ 28 лот бойынша жылжымайтын мүлікті сату аукциондары өткізілетінін хабарлайды. Аукциондар 2026 жылғы 19, 20 және 24 ақпанда сағат 10:00-де мемлекеттік емес мүлік тізілімінің e-qazyna.kz веб-порталындағы электрондық сауда алаңында өтеді (тіркелген кестеге сай). Сауда-саттық онлайн режимде өткізіліп, қатысушылардың барлығына процесстің барынша қолжетімділігі мен ашықтығы қамтамасыз етіледі.
Лоттарды қарау үшін «Қазтелерадио» АҚ-ның тиісті филиалына kazteleradio.kz ресми сайтында көрсетілген телефон нөмірлері арқылы немесе 8 (727) 244-4500, ішкі 2508, 1314 нөмірлеріне хабарласуыңызды сұраймыз.
Сұрақтар бойынша жолданымдар ресми тәртіпте kazteleradio@kazteleradio.kz электрондық поштасы арқылы немесе қағаздағы түрінде мына мекенжайда қабылданады: Алматы қ., Әл Фараби даңғ., 118 (Кеңсе, 125-кабинет).
Осы аукционға Мемлекеттік емес мүлік тізілімінің веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттықты өткізу регламентінде белгіленген тәртіппен тіркелген кез келген заңды және жеке тұлғалар, оның ішінде сауда-саттыққа жалпы негіздерде қатысқысы келетін Қоғамның жұмыскерлері (жеке тұлғалар) жіберіледі.
Сауда-саттыққа қатысушы ретінде төмендегілер қатыса алмайды:
1) сауда-саттық өткізу туралы хабарламада көрсетілген қатысушыларға қойылатын қосымша талаптарға сәйкес келмейтін заңды (жеке) тұлғалар;
2) ұйымдастырушы;
3) сатушы.