Scroll to top
ru kz

Компания басшылығы

Басқарма Төрағасы

Нұрдәулет Руислам Әбілқанұлы

Нұрдәулет Руислам Әбілқанұлы

1978 жылы 27 қазанда Алматы облысында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының азаматы.

Білімі – жоғары. 2001 жылы Әл Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша, сондай-ақ, 2008 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін (Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің филиалы) «Экономика» мамандығы бойынша бітірген. Қазақ (ана тілі), орыс және неміс тілдерін еркін меңгерген.

Жалпы еңбек өтілі 23 жылдан асады, оның ішінде 15 жылдан астамы – телекоммуникация саласында. Руислам Әбілқанұлы Нұрдәулет өз еңбек жолында мемлекеттік және корпоративтік құрылымдарда басшылық қызметтер атқарды, атап айтқанда: ҚР Қаржы министрлігінде, «Қазақстан телекоммуникациялары» (Кателко) АҚ, «ҚазМұнайГаз» АҚ және «Самұрық-Қазына» АҚ-нда еңбек етті.

«Қазтелерадио» АҚ-дағы еңбек жолы 2011 жылы басталып, төмендегідей басшылық лауазымдарда қызмет етті:

  • Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл қызметінің бастығы;
  • Филиалдармен және мемлекеттік органдармен жұмыс жөніндегі департаменттің директоры;
  • Басқарма төрағасының кеңесшісі;
  • Мемлекеттік органдармен жұмыс жөніндегі басқарушы директор;
  • Басқарма төрағасының бірінші орынбасары, Басқарма мүшесі.

Наградалары:

  • ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі.
  • ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Қазақ телевивизиясына 60 жыл» төсбелгісі.
  • Ақпараттандыру және байланыс саласында еңбек етіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін «Үздік байланысшы» төсбелгісі.

2025 жылғы ақпан айынан бастап – «Қазтелерадио» АҚ Басқарма төрағасы.

Аффилиирленген ұйымдарда қатысу үлесі жоқ.

Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары

Капьятов Ансар Маратович

Капьятов Ансар Маратович

1994 жылы 2 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының азаматы.

Білімі – жоғары. 2016 жылы Лондон университеттік колледжін (University College London) бітірген, біліктілігі – Master of Science, жаратылыстану ғылымдарының магистрі, дәрежесі – химия магистрі. Қазақ (ана тілі), орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген.

Еңбек жолын 2016 жылы Өскемен титан-магний комбинатында бастап, онда инженерлік және менеджерлік қызметтерден материалдық-техникалық қамтамасыз ету басшысының міндеттерін атқарушыға дейінгі жолдан өтті. Еліміздің ірі металлургиялық кәсіпорындарының бірінде өндіріс үшін сатып алуды ұйымдастыруға, жабдықтауға және жеткізілімдерді бақылауға жауапты болды.

2019 жылдан бастап ұлттық аналитикалық және реформаторлық институттарда жұмыс істеді. Мемлекеттік басқарудың ақпараттық-цифрлық блогында Ұлттық статистика бюросының «Ақпараттық-есептеу орталығы» РМК директорының бірінші орынбасары лауазымын атқарып, деректерді басқаруды, цифрлық сервистерді және аса маңызды АТ-жүйелерді қоса алғанда, негізгі техникалық және инфрақұрылымдық бағыттарға жедел басшылықты қамтамасыз етті.

Кейіннен Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінде Институционалдық даму департаментінің қызметіне жетекшілік етіп, негізгі реформалық бағыттарға басшылықты, ведомствоаралық үйлестіруді және мемлекеттік деңгейдегі жобаларды сүйемелдеуді жүзеге асырды.

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының және ҚР Ұлттық экономика министрінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.

2025 жылғы наурыз айынан бастап – «Қазтелерадио» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары.

Аффилиирленген ұйымдарда қатысу үлесі жоқ.

Басқарма төрағасының орынбасары — Техникалық директор

Оспанов Ерхат Маутканович

Оспанов Ерхат Маутканович

1986 жылы 25 мамырда Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының азаматы.

Білімі – жоғары. 2008 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын (қазіргі – Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті) «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы бойынша бітірген, біліктілігі – радиотехника, электроника және телекоммуникациялар бакалавры.

Қазақ (ана тілі) және орыс тілдерін еркін меңгерген, ағылшын тілін сөздік көмегімен, неміс тілін – бастапқы деңгейде біледі. Ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы жоқ.

Ерхат Мәуітқанұлы телекоммуникация саласында мол тәжірибеге ие, ол Қазақстандағы телерадио хабарларын тарату ісін дамытуға 15 жылдан астам уақытын арнады. «Қазтелерадио» АҚ-дағы еңбек жолы 2008 жылы басталды, мұнда ол инженерден бастап басшы лауазымына дейінгі жолдан өтті. Компанияның Шығыс Қазақстан облысындағы, сондай-ақ Семей, Астана және Алматы қалаларындағы филиалдарында еңбек етті.

Кейіннен «Қазтелерадио» АҚ Желіге қызмет көрсету департаментін басқарып, кәсіпорынның телекоммуникациялық инфрақұрылымын пайдалану мен жаңғырту жұмыстарын қамтамасыз етті.

Кәсіби курстардан өтіп, біліктілігін арттырған:

  • 2010 ж. – Huawei «CDMA BTS монтаждау» сертификаты;
  • 06.2015 ж. – Harmonic «NMX for Broadcast» сертификаты;
  • 08.2017 ж., № 7419 – «Кәсіпорындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау» сертификаты.

2025 жылғы ақпан айынан бастап – «Қазтелерадио» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары – Техникалық директоры, Басқарма мүшесі.

Аффилиирленген ұйымдарда қатысу үлесі жоқ.

Басқарма төрағасының орынбасары — Коммерциялық директор

Ботанова Асель Махметовна

Ботанова Асель Махметовна

Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының азаматы.

Жоғары заңгерлік білімі бар. 1999 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін үздік бітірген; 2005 жылы ҚазМЗУ аспирантурасын аяқтап, заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды. Операциялық менеджмент, процестерді басқару және салық салудың құқықтық аспектілері бойынша қосымша кәсіби оқудан өтті. Қазақ (ана тілі), орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген.

Жалпы еңбек өтілі 23 жылдан астам, ол мемлекеттік секторды, ұлттық холдингтерді, құрылыс, инвестициялық және телекоммуникациялық компанияларды қамтиды. Корпоративтік басқару, жобаларды құқықтық сүйемелдеу, құқықтық тәуекелдерді талдау, активтерді басқару, ұйымдастырушылық даму және ішкі процестерді оңтайландыру салаларында терең біліктілікке ие.

Еңбек жолы:

  • 2023–2025 жылдары – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Корпоративтік басқару департаментінің директоры болып жұмыс істеп, ведомстволық бағыныстағы 71 ұйымның қызметіне жетекшілік етті.
  • 2009–2023 жылдары – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде басшылық лауазымдарды, соның ішінде Активтерді басқару департаментінің директоры қызметін атқарды.
  • 2008–2009 жылдары – «Билд Инвестмент Групп» АҚ ірі холдингінің заң қызметіне басшылық етті.
  • 2006–2008 жылдары – «BI-Group» ЖШС Заң басқармасының бастығы.
  • 2005–2006 жылдары – «Kazyna Invest» ЖШС Заң департаментінің директоры.
  • 2004–2005 жылдары – «Алматыгаз» АҚ Заң басқармасы бастығының орынбасары.
  • 1999–2004 жылдары – газ саласындағы ұйымдарда: «Алматыгоргаз» ЖАҚ және «Алматыинтергаз» ЖАҚ-та заңгерлік лауазымдарда қызмет етті.

2025 жылғы сәуір айынан бастап – «Қазтелерадио» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары – Коммерциялық директоры.

Аффилиирленген ұйымдарда қатысу үлесі жоқ.

Әкімшілік директоры

Архат Бахтбекұлы Садвакасов

Архат Бахтбекұлы Садвакасов

1982 жылы 21 шілдеде Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының азаматы.

Білімі – жоғары. 2003 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша, сондай-ақ, 2006 жылы Шығыс гуманитарлық институтын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Қазақ (ана тілі) және орыс тілдерін еркін меңгерген.

Жалпы еңбек өтілі 22 жылдан асады, оның ішінде 16 жылдан астамы – ақпарат саласында. Архат Бахтбекұлы Садвакасов өз мансабында жергілікті атқарушы органдарда туризм мен спортты дамыту, экономика және бюджеттік жоспарлау салаларында, сондай-ақ, орталық мемлекеттік органдарда еңбек етті. Оның ішінде мәдениет, ақпарат, ақпараттандыру және байланыс, қоғамдық даму салаларында, сонымен қатар, квазимемлекеттік секторда («Қазтелерадио» АҚ, «Евразия+ОРТ» ЖШС) басшылық қызметтер атқарды.

Наградалары:

  • «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі;
  • «Астана 20 жыл» медалі;
  • «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» медалі;
  • «Ерен еңбегі үшін» медалі.

2025 жылғы қазан айынан бастап – «Қазтелерадио» АҚ Әкімшілік директоры.

Аффилиирленген ұйымдарда қатысу үлесі жоқ.