Scroll to top
ru kz

Тіл — мемлекет тірегі

Тіл — мемлекет тірегі

«Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен

жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта құрымайды, жоғалмайды»

(Ахмет Байтұрсынұлы)

Тіл — халықтың сан ғасырлық тарихы. Ана тілі жоқ ел мемлекет болып өмір сүруі мүмкін емес. Әлемдегі кез келген халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, әрбір мемлекет өзінің ана тілін әрқашан да қастерлеп, қорғап жүреді. Ал ана тілін қорғау дегеніміз – ол өз ана тілінде таза сөйлеу.

Ұлы неміс жазушысы И. В. Гетенің «Ұлы дүниелер тек ұлт тілінде ғана жасалады» деген сөзіне сүйенсек, ұлттың ұлт болып қалыптасуына, қоғамның дамуына, ата-бабадан жалғасып келе жатқан ұлт құндылықтарын ұрпаққа жеткізуде тілдің орны ерекше. Қазіргі уақытта мемлекеттік тілді кең көлемде қолдану жұмыстары бірқатар мемлекеттік мекемелерде жүзеге асырылуда.

Соның бірі еліміздің тұрғындарына телекөрсетілім және радио хабарларын жоғары сапада үздіксіз қабылдауға мүмкіндік беріп отырған «Қазтелерадио» акционерлік қоғамы. Халықты жүз пайыз телехабар тарту қызметтерімен қамтамасыз етуді басты мақсат еткен бұл сала жыл өткен сайын қарқынды дамуда. Қоғамымыз тек, өз міндеттерімен шектеліп қана қоймай, мемлекеттік тілдің дамуы мен қолданылуына тамшыдай болса да өз үлестерін қосып отыр, атап айтар болсақ.

Қазақ тілінің мәртебесін көтеру, іс қағаздарын мемекеттік тілде жүргізетін Қоғам қызметекерлерін мараппаттау, телерадио хабарлары саласы терминдерін меңгеру деңгейлерін анықтау, қызметкерлерді шығармашылық қырларынан таныту мақсатында, Қазтелерадиода Қазақстан тілдері күніне орай 2016 жылдың 04 қазанында блок қызметкерлерінің қатысуымен «Тіл – мемлекет тірегі атты»мерекелік іс-шара болып өтті. Бұл шараға Қоғам бойынша 4 блоктың қызметкерлері қатысып, бақтарын сынады. Олар: Әкімшілік-қаржылық блок «Ана тілі», Коммерциялық блок «Жерсерік», Техникалық блок «Қырандар». Шара барысында мемлекеттік тіл бөлімі құрылғаннан бері 5 жыл ішінде аударма саласында үздік болып танылып жүрген Қоғам қызметкерлері марапатталды: А.Нұрпейсова, Е.Сансызбаев, Д.Джалилова, оның ішінде өзге ұлт өкілдері арасында аудармаға өз үлестерін қосып жүрген В.Аласкаров, Д.Чистоклетовтерде бар. Командалар «Сәлемдесу» Мақал-мәтел жарысы, «Сөздің көркі — мақал», Аудармаңыз қалай?», Жазбаша аударма жұмысы, Көшбасшылар сайысы «Тіл – мемлекет тірегі» кезеңдері бойынша сайысқа түсті. Мерекелік шараны жүргізу З.Жиеншарова мен Н.Оқасовқа жүктелді. Мереке шымылдығын Басқарма төрағасының бірінші орынбасары, Басқарма мүшесі Айдын Мухамедиұлы Бажикеев ашты. Командалар сайысы әділ бағалануы үшін әділқазылар алқасы сайланды. Кеш соңында жеңімпаз командалар анықталып дипломдар табыс етілді. Бірінші орын – «Жерсерік», екінші орын – «Ана тілі», үшінші орын «Қырандар» командасы иеленді.

Тағдыры талай талқыға түссе де тамыры құрғамай, құрдымға құламай, бүгінге жетіп, тәуелсіздігіміздің жаршысы болған қазақ тілі қашанда қадірлі.

Related posts

Post a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *