Scroll to top
ru kz

​Павлодар облысы ЦЭТХТ-ға көшуге дайын

Павлодар облысында аналогты телехабар таратуды өшіру және цифрлық эфирлік телехабар таратуға көшу жөніндегі жобаны іске асыру аяқталды. 2019 жылы маусым айында облыс аналогты телехабар таратудан толығымен өшірілетін болады. Бұл туралы Павлодар ОРТТД директоры Айдар Алгазин хабарлады. Өз сөзінде «Қазтелерадио» АҚ филиалының басшысы ЦЭТХТ-ға өтуге дайындық барысы туралы айтып өтті.

«Жобаны іске асыру 2012 жылы басталды. Осы уақыт ішінде облыс халқының 92%-ын қамти отырып, 29 радиотелевизиялық станция салынып, жаңғыртылды. Павлодар облысында барлығы 385 елді мекен бар, оның ішінде цифрлық эфирлік хабар таратумен қамту аймағына 356 елді мекен кіреді. Облыста 29 елді мекен цифрлық эфирлік хабар таратумен қамтылмаған. Көрсетілген елді мекендерде халықты сапалы телевизиямен қамтамасыз ету мақсатында ұлттық жерсеріктік оператор –«OTAU TV» қызметтеріне қосу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі сәтте цифрлық эфирлік хабар таратумен қамтылмаған елді мекендерде 1631 қосылу тіркелген», – деді Айдар Алгазин.

Сондай-ақ, Айдар Алгазин өз сөзінде цифрлық эфирлік телехабар таратудың артықшылықтары туралы әңгімеледі. Оның айтуынша, аналогты хабар тарату желісі бойынша Павлодар қ. шамамен 7 телеарна, ал облыстың басқа елді мекендерінде шамамен 4 телеарна қолжетімді.

Аналогты хабар тарату өшіріліп, цифрлық эфирлік телехабар таратуға көшкеннен кейін Павлодар қаласында шамамен 30 телеарна, ал облыс орталығынан төмен елді мекендерде шамамен 15 телеарна қолжетімді болады. Бұл ретте, облыс тұрғындары аналогты телехабар тарату мен цифрлық телехабар тарату арасындағы айырмашылықты бірден сезінетінін атап өткім келеді. Ең алдымен, бұл – қолжетімді телеарналардың саны артады деген сөз, әрі сигнал сапасы әлдеқайда жақсы болады, өйткені цифрлық эфирлік хабар таратуда кедергілер мүлдем жоқ. Облыс тұрғындары үшін ЦЭТХТ-ға көшу маңызды да мәнді оқиға болады деп сенемін»,- деп хабарлады Павлодар ОРТТД директоры.

Сөзінің соңында Айдар Алгазин облыстық және аудандық әкімдіктердің қолдауымен алда тұрған аналогты телехабар таратуды өшіру және ЦЭТХТ-ға көшу оқиғасы туралы халықты ақпараттандыру бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлады. Оның айтуынша, тұрақты негізде облыстық БАҚ-тарда ЦЭТХТ енгізу жобасын жүзеге асыру туралы ақпараттық хабарламалар жариялануда, сондай-ақ, жарнамалық-ақпараттық материалдар барлық сату орындарында орналастырылған. Облыс бойынша Павлодар қаласында және Железин, Ақтоғай, Успен, Тереңкөл аудандарында 5 жарнамалық билборд қойылды. Сондай-ақ, ол облыстық және аудандық әкімдіктермен бірлесіп, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларды цифрлық қабылдағыштармен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатқанына тоқталды. 2019 жылы 1333 отбасы цифрлық сигнал қабылдағыштарын тегін алатын болады.

Related posts

Post a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *