Scroll to top
ru kz

Студенттерге арналған экскурсия

Алматы энергетика және байланыс университетінің жүз шақты оқушысы «Көктөбе» телемұнарасында болып қайтты.

Экскурсия барысында студенттер Желіні басқару және мониторингтеу орталығының жұмысымен танысты, аналогтық таратқыштар залы және цифрлық таратқыштар орналасқан залдарды қарап шықты. Мұнда бұрынғы заман және қазіргі заман қондырғыларының айырмашылығын айқын көруге болады.

«Бізге қонаққа келген жастар – телерадиохабар тарату саласындағы болашақ мамандар. Бүгін қыз-жігіттер жұмысымыздың қыр-сырын іс жүзінде көре алды. Теория білімі, әлбетте, қажет, бірақ тәжірибесіз жұмысымыздың ерекшеліктерін түсіну қиын», — деді телерадиохабар тарату желісін мониторингтеу қызметінің бастығы Михаил Киричков.

Алматы ОРТД мамандары «Қазтелерадио» АҚ жұмысы туралы егжей-тегжейлі айтып, цифрлық және аналогтық телехабар тарату қондырғыларын көрсетті.

«Көктөбе» телемұнарасында болып, бәрін өз көзіммен көргеніме өте қуаныштымын. Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар факультетінің студенті ретінде телерадиохабар тарату саласындағы жұмыстың ерекшеліктерін білу мен үшін өте маңызды. Сонымен қатар, телемұнара қызметкерлерінің еңбегі қаншалықты жауапкершілігі мол екенін түсіндім, өйткені олар қондырғылардың дұрыс жұмыс істеуін күнделікті қадағалап отырады» — деді Әлихан Болысбеков, 1-курс студенті.

Цифрлық эфирлік телехабар тарату желісін енгізу бойынша жоба «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында жүзеге асырылуда. Бағдарламаға сәйкес, 2021 жылы Қазақстан аналогтық жүйеден толығымен бас тартады. 2018 жылдың күзінде Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласы цифрлық эфирлік телехабар таратуға көшіп үлгерді. 2019 жылы Алматы, Павлодар және Қостанай облыстарында аналогтық телехабар тарату желісі өшіріледі.

Related posts

Post a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *