Scroll to top
ru kz

2025 жылғы ІІІ тоқсанға арналған жоспарлы-профилактикалық жұмыстар

«Қазтелерадио» АҚ үздіксіз және сапалы телерадио хабарларын таратуды қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілердің техникалық құралдарына сервистерді жабу арқылы жоспарлы-профилактикалық жұмыстарды жүргізеді.

2025 жылғы 16 шілдеде сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін жерсеріктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілердің техникалық құралдарына сервистерді жабу арқылы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Жұмыстар жүргізілетін уақытта Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналардың ретрансляциясы уақытша тоқтатылады.

2025 жылғы 15 шілдеде сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін «Оңтүстік» филиалының «Батыс» радиотелевизиялық станциясында жоспардан тыс жұмыстар жүргізілетін болады. Бұл жұмыстар радио хабар таратудың техникалық құралдарының өшірілуімен қатар жүреді. Осыған байланысты, «Shalqar radiosy» бағдарламаларының трансляциясы уақытша тоқтатылады.

2025 жылғы 17 шілдеде сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін «Оңтүстік» филиалының «Жаңатас» радиотелевизиялық станциясында жоспардан тыс жұмыстар жүргізілетін болады. Бұл жұмыстар радио хабар таратудың техникалық құралдарының өшірілуімен қатар жүреді. Осыған байланысты, «Qazaq Radiosy» бағдарламаларының трансляциясы уақытша тоқтатылады.

Түсіністік танытқандарыңызға алғыс айтамыз және уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!

Related posts

Post a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *