Scroll to top
ru kz

«Қазтелерадио» АҚ жоспарлы профилактикалық жұмыстардың жүргізілетіні туралы хабарлайды.

«Қазтелерадио» АҚ ұлттық спутниктік, эфирлік цифрлық және аналогтық телерадиохабар тарату жабдықтарында, сондай-ақ деректерді беру желілерінде жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлайды.

Жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес 2026 жылғы 28 қаңтарда Астана уақыты бойынша сағат 03:00-ден 17:00-ге дейінгі аралықта жүргізіледі.

Жұмыстарды жүргізу кезінде «OTAU TV» спутниктік теледидары, эфирлік цифрлық және аналогтық телерадиохабар тарату, сондай-ақ деректерді беру және телефония қызметтерін көрсетуде уақытша үзілістер болуы мүмкін.

«Қазтелерадио» АҚ туындаған уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеді және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреді.

Related posts

Post a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *