Scroll to top
ru kz

«Қазтелерадио» АҚ директорлар кеңесі

Директорлар кеңесі – Қазақстан Республикасы заңнамасы немесе Қоғам Жарғысымен Жалғыз акционердің айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелерді қоспағанда, «Қазтелерадио» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) қызметіне басшылықты, сондай-ақ, өз құзыреті шегінде Қоғам Басқармасы қызметін бақылауды жүзеге асыратын Қоғамның басқару органы. Директорлар кеңесінің қызметі парасаттылық, тиімділік, адамгершілік, адалдық, жауапкершілік және нақтық қағидаттарына негізделеді. Директорлар кеңесі өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қоғам Жарғысын, Қоғамның Директорлар кеңесі туралы ережені, Қоғамның Корпоративтік басқару кодексін және басқа да ішкі құжаттарды басшылыққа алады.

Балаева Аида Галымовна – Директорлар кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму министрі;

Кочетов Евгений Дмитриевич – Член Совета директоров, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі

Ахметов Ербол Сабыржанович – Директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешлендіру комитеті төрағасының орынбасары

Бейсембинов Ерлан Нурланович – Директорлар кеңесінің мүшесі, Тәуелсіз директор

Жапсарбай Асхат Тұрсынұлы – Директорлар кеңесінің мүшесі, Тәуелсіз директор

Исхаков Куттыбек Ельдосович – Директорлар кеңесінің мүшесі, Тәуелсіз директор