Scroll to top
ru kz

«Қазтелерадио» АҚ басшылығы

Қайсар Шерқанұлы Раздыков

«Қазтелерадио» АҚ Басқарма төрағасы

Қайсар Шерқанұлы Раздыков 1984 жылы 20 тамызда Жамбыл облысы Жуалы ауданы Бурное ауылында туған. Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

2006 жылы Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша аяқтаған.

2009 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетін «Менеджмент» мамандығы бойынша аяқтаған.

2009 жылы Алматы Менеджмент университетінің «Іскери әкімшілік ету» магистр дәрежесі берілді.

2018 жылдың қаңтары мен 2023 жылдың қаңтары арасындағы кезеңде «Қазтелерадио» АҚ филиалы «Алматы Облыстық РадиоТелехабар тарату Дирекциясының» директоры болып қызмет істеді.

2023 жылдың қаңтар – тамыз айлары аралығында – Басқарма төрағасының бірінші орынбасары – Әңірлік директор, Басқарма мүшесі.

Бейбітжан Чипатайұлы Тұяқпаев

Басқарма төрағасының бірінші орынбасары – Өңірлік директор, Басқарма мүшесі

Бейбітжан Чипатайұлы Тұяқпаев 1964 жылы 5 мамырда Ресей Федерациясы Алтай өңірі, Қосағаш ауданы Ақтал ауылында туған.

1987 жылы С.М. Киров атындағы Ауыл шаруашылығы институтын «Инженер гидротехник» мамандығы бойынша бітірген.

2014 жылы Е. Букетов Қарағанды Мемлекеттік университетінің Әлеуметтік ғылымдар бакалавры дәрежесін алды.

Еңбек жолын 1987 жылы бастаған. Әр жылдары «Қазселденқорғау» ММ, «Казимпэкс» АҚ, ҚР Президентінің Күзет қызметінің «Арнайы қамтамасыз ету орталығы» АҚ қызметтерінің әртүрлі бағыттарына жетекшілік етті. Жергілікті атқарушы органдардың ведомстволық бағынысты басқармаларына басшылық ету саласы бойынша жоғары кәсібилікке ие.

2019-2020 жылдар аралығында «Казимпэкс» республикалық орталығы » АҚ: Астана қ. ӨБ директоры қызметін атқарды.

2020 жылдан 2022 жылға дейін «Казимпэкс «РО»АҚ Алматы қаласы бойынша пайдалану қызметінің басшысы қызметін атқарды.

2022-2023 жылдары «Астана қаласы әкімдігінің қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасы» ММ басшысының орынбасары болды.

2023 жылдың наурыз-мамыр айлары аралығында «Қазтелерадио» АҚ Аппарат басшысы қызметін атқарды.

2023 жылдың мамыр-тамыз айлары аралығында – Басқарма төрағасының орынбасары – Техникалық директор. Басқарма мүшесі.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасымен, «Ерен еңбегі үшін» және «Қазақстан Республикасының тәеулсіздігіне 20 жыл» медальдарымен марапатталған.

Бахтияр Асенұлы Ошурбаев

Басқарма төрағасының орынбасары – Техникалық директор, Басқарма мүшесі

Бахтияр Асенұлы Ошурбаев 1969 жылы 15қазанда Шығыс Қазақстан облысындатуған.

Томск политехникалық институтын «Химиялық кибернетика» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1991 жылы бастаған. Әр жылдары «Қазақтелеком» АҚ және «Қазтелепорт» АҚ саласында басшылық лауазымдарды атқарды.

2016-2018 жылдар аралығында «Алматытелеком» РДТ, «Қазақтелеком» АҚ филиалының В2В сегментінің коммерциялық директоры қызметін атқарды.

2019-2022 жылдар аралығында «Казтелепорт» АҚ Бас коммерциялық директоры қызметін атқарды.

2023 жылдың наурыз – тамыз айлары аралығында – «Қазтелерадио»АҚ инфокоммуникациялық жүйелер департаментінің директоры.

 «Yздiк байланысшы» төсбелгісімен мараптатталған.

Сымбат  Серікқызы Жайлыбекова

Басқарма төрағасының орынбасары – Коммерциялық директор, Басқарма мүшесі

Сымбат  Серікқызы Жайлыбекова 1986 жылы 3 қыркүйекте Алматы облысында туған.

2008 жылы Алматы Энергетика және Байланыс институтын  «Радиотехника, электроника жәнетелекоммуникациялар» мамандығы бойынша аяқтаған.

2018 жылдың қаңтарынан бастап 2020 жылдың наурызына дейін «Алматытелеком» ӨТД Өңірлік сату орталығы бастығының м.а. лауазымын атқарды.

2020 жылдың наурызынан қазанына дейін «Алматытелеком» ӨТД Өңірлік сату орталығы бастығы лауазымында жұмыс істеді.

2020 жылдың қазаны мен 2022 жылдың сәуірі аралығында «Қазақтелеком»АҚ филиалы – бөлшек бизнес бойынша В2С дивизионының клиенттермен жұмыс жөніндегі орталығының басшысы қызметін атқарды

Аңсар Ардақұлы Исатаев

Басқарма төрағасының орынбасары – Қаржы директоры, Басқарма мүшесі

Аңсар Ардақұлы Исатаев 1991 жылғы 31 желтоқсанда Абай облысы Семей қаласында туған.  

Жоғары білім туралы екі дипломы бар :

  • Қазақ инженер-техникалық академиясы, «Қаржы» мамандығы бойынша.
  • А. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті, «Экономика» мамандығы бойынша.

2016 жылдан 2018 жылға дейін «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясында коммерциялық директор қызметін атқарды

2018 жылдан 2023 жылдың мамыр айына дейін «Қазмедиа орталығы» Басқарушы компаниясы» ЖШС Бас директорының қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары лауазымында қызмет атқарды.