Scroll to top
ru kz

«OTAU TV» ғажайыптар әлемі» балалар суреті республикалық байқау

Құрметті достар!

Оқу жылының аяқталуы және Балаларды қорғау күні қарсаңында «Қазтелерадио» АҚ «OTAU TV» ғажайыптар әлемі» балалар суреті республикалық байқауы өтетінін жариялайды. 2016 жылдың 20-сы мен 30 мамыр аралығында байқаудың ресми парақшасына http://otautv.kz/strana-chudes-otau жүктеу қажет, немесе тұрғылықты жеріңіз бойынша OTAU TV жергілікті филиалына жөнелту керек. Байқауға 5 пен 14 жас аралығындағы барлық бала қатыса алады. Байқау: Бас жүлде, І, ІІ, ІІІ орындар, «Көрермендер көзайымы» және «Ең кішкентай суретші» номинациялары бойынша 4 жас категорияларында өтеді. Байқау жеңімпаздары дипломдар және құнды сыйлықтармен марапатталады. Байқау комиссиясы іріктеп алған 12 үздік туынды «Қазтелерадио» АҚ 2017 жылғы күнтізбесін жасауда қолданылатын болады.

Байқаудың ресми беті http://otautv.kz/strana-chudes-otau

Байқау ережесін мына жерден көріңіздер.

Related posts

Post a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған