Scroll to top
ru kz

«Қазақстанда радиохабар таратудың мемлекеттік желісін дамыту: Радио ЦЭТВ-ның ізінен өкшелеп келеді»

Азаматтардың ақпарат алу мен таратудағы құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету демократиялық мемлекет құрудың қажетті шарты болып табылады. Қазіргі заманғы бұқаралық ақпарат құралдары елде болып жатқан өзгерістердің өзіндік қоғамдық трибунасы болып табылады және республикадағы оқиғалар туралы жедел және көпжоспарлы жаңалықтардың таралуына ықпал етеді. «Қазтелерадио» АҚ телерадио хабарларын тарату желілерін дамыту қызметінің бірінші санатты инженері Болат Ержанов Қазақстандағы мемлекеттік радиохабар тарату желісінің бүгінгі таңда қалай дамып келе жатқаны туралы айтып берді. Маманның кәсіби өтілі 42 жыл, ол мол тәжірибесі мен білімін қазақстандықтардың игілігі үшін жұмсап келеді. Өзінің еңбек жолы басталған Хабаровск өлкесінің Амурдағы Комсомольск қаласында ол Кеңес Одағының радиохабарларын беруді қамтамасыз етумен айналысты. Қазақстанға оралғаннан кейін де біздің кейіпкеріміз радиохабар тарату саласында жұмысын жалғастырды.

– Болат Жұмабайұлы, радиохабар таратудың мемлекеттік желісін қандай радиостанциялар беріп отыр?

– Мемлекеттік радиохабар тарату желісі бізде «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ құрамына кіретін «Қазақ радиосы», «Шалқар», «Classic», «Астана» радиолары арқылы ұсынылады.

«Қазақ радиосы» – бұл барлық облыс орталықтарын, ірі моноқалаларды, аудан орталықтарының басым көпшілігін есепке алғанда республика бойынша 245 радиостанция. «Шалқар» радиосын 63 радиостанция ұсынады, «Астана» радиосы тек Нұр-Сұлтанда бар, ал «Classic» радиосы астанамызда, Алматы мен Ақтауда хабар таратады.

Мемлекеттік арна «Қазақ радиосы» тәулік бойы хабар таратады, оның контенті 8 – қазақ, орыс, неміс, кәріс, ұйғыр, әзірбайжан, татар, түрік тілдеріндегі қоғамдық-саяси бағдарламалар. Ел халқының 88,74%-ке жуығын қамтып отыр. «Шалқар» радиосы мемлекеттік тілде ақпараттық-аналитикалық, әдеби-музыкалық, мәдени сипаттағы тақырыптарда таратылады. «Астана» – қазақ және орыс тілдерінде хабар тарататын жастарға арналған радио. «Classic» 2011 жылдан бері жұмыс істейді. Бұл – классикалық музыка бағытын бойынша Қазақстандағы алғашқы радиостанция.

– Сіздіңше радиотыңдармандар санының өсу үрдісі байқала ма?

– Радио тыңдаушылардың аудиториясы кеңейіп жатыр деп есептеймін. Оның дәлелі – «Қазтелерадио» АҚ атына облыстық, аудандық әкімдіктерден қандай да бір ауданда «Қазақ радиосы» мен «Шалқар» радиосы мемлекеттік бағдарламаларының хабар таратуын ұйымдастыруды сұрап, келіп жатқан хаттар. Бұл – радиоға деген қызығушылықтың жоғалмағанының белгісі. Оның үстіне, бұл жағдай қазақстандықтардың көпшілігінде FM-диапазонда арналарды тыңдауға арналған қабылдағыштардың бар екендігін білдіреді, сондай-ақ, автомобильдерде қабылдағыштар бар, стационарлық қабылдағыштар бар, оның үстіне бұл бағдарламалар «OTAU TV» жерсеріктік телевизиясы топтамасына кірген. Приставканың көмегімен «OTAU TV» арқылы мемлекеттік радиоарналарды тыңдауға болады. Егер кеңестік кезеңді еске алсақ, ол кездерде бізде сымды хабар тарату өте зор дамыған болатын, әр үйде радионүкте орнатылып, адамдар радио тыңдайтын. Қазір сымды хабар таратудан түк те қалмады. Бірақ FM-диапазонда эфирлік хабар таратуға деген қызығушылық мызғыр емес.,

– Республикадағы мемлекеттік радиожелінің қалыптасуы қалай басталғанын айтып бере аласыз ба?

– Қазақстандық радиохабар тарату өз бастауын сонау, 1921 жылдан алады. Сол кездегі Қазақстан астанасы Орынбор қаласынан бүкіл республикаға алғашқы адиотрансляция басталды. Осы айтулы оқиғаға өткен қыркүйекте 99 жыл толды.

«Қазақ радиосы» – елдегі радио тыңдаушы орасан зор аудиторияны қамтитын, ең көне әрі ең ірі радио хабар тарататын желі. Тура бір ғасыр бұрын оны Қазақ АКСР Халықтық пошта және телеграф комиссариаты іске қосты. 1926 жылдың қазанында радионың редакциясы Орынбордан Қызылордаға көшірілді, ал 1927 жылы наурызда алғаш рет эфир қазақ тілінде сөйледі. 1931 жылы редакция Алматыға көшті. 2005 жылдан бастап радистанция 24 сағаттық хабар тарату режиміне көшті.

90-жылдарға дейін радиохабар тарату ұзын және орта толқындарда жүзеге асырылды. Бұл үшін бүкіл Кеңес Одағы аумағында, оның ішінде Қазақстанда да, радиоорталықтар жұмыс істеді. Сол сәтте олардың саны 14 болды, радиоорталықтарда таратқыштар тұратын. Ол кездері бағдарламалар одақтық және республикалық болып екіге бөлінетін. Бізде сондай республикалық бағдарлама «Қазақ радиосы» және «Шалқар» радиосы еді.

90-жылдардан бастап кеңестік дәуірден кейінгі кеңістікте FM-диапазондағы хабар тарату дами бастады, оның ішіне, әрине, мемлекеттік радиожелі де кіретін.

1966 жылы «Қазақ радиосы» «Шалқар» ақпараттық-музыкалық бағдарламасын ашып, ол 2014 жылдың ақпанынан бастап жеке радиостанция ретінде шыға бастады. Бағдарламаның жартығасырлық тарихы ішінде радио өте серпінді дамыды, белсенді азаматтық ұстаным, отаншылдық сезім, қазақ ұлтының рухани мұрасына құрметпен қарауды қалыптастыруға бағытталды. «Шалқар» радиосы Қазақстан аумағының 62,4%-тен астамын қамтиды, оның басты міндетті қазақтың тарихы мен мәдениетін, ұлттық құндылықтарын жаңғырту мен сақтауға негізделген.

– «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ-мен ынтымақтастық қашаннан бері жалғасып келеді?

– Біз Қазтелерадио ұйымдастырылған күннен бастап-ақ эфирде контент пен радиожиіліктің меншік иесі болып табылатын «Қазақстан» РТРК бағдарламаларын тарату қызметтерін ұсынып келеміз. Жиіліктерді корпорация уәкілетті орган өткізетін «Радиожиіліктік иеліктер бөлу» республикалық конкурсы қорытындылары бойынша ұтып алады. Конкурсқа барлық мемлекеттік және коммерциялық компаниялар қатысады. Ал біз болсақ, жабдық сатып аламыз, оны құрастырамыз, орнатамыз, қызмет көрсетеміз, бұзылса жөндейміз және бағдарламалардың үздіксіз трансляциясын жүзеге асырамыз.

– Мемлекеттік радиожеліні дамыту мақсатында қандай жобалар іске асырылып жатыр?

– Халықты мемлекеттік радиохабар таратумен қамтуды кеңейту мәселесін шешу үшін желіні жаңғырту және дамыту іс-шаралары жүргізілді. Мысалы, 2014 жылы Нұр-Сұлтан қаласында радиохабар тарату желісін жаңғырту жүзеге асырылды, ол мұнарадағы телевизиялық антенналар санын оңтайландыру мен қысқартуды, біріктіргіш көпірлерді қалыптастыруды және біріздендірілген жабдықты пайдалана отырып, жаңа FM-диапазонды екі антеннаны монтаждауды қамтиды, бұл одан әрі пайдалануды жеңілдетуге және қосалқы бөлшектермен өзара алмастыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Маңғыстау облысында радиохабар тарату желісі жаңғыртылып, дамытылды, онда әрбір РТС-те «Қазақ радиосы» және «Шалқар» радиосы бағдарламаларын тарату үшін екі радиотаратқыш орнатылды, бұл облыс халқын 95%-ке дейін қамтуға мүмкіндік берді. Ақтау қаласында «Classic» мемлекеттік радиосын тарату ұйымдастырылды.

2018 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі кезеңде телерадио хабарларын тарату саласындағы уәкілетті орган радиожиіліктерді, оның ішінде шекара маңындағы өңірлерде бөлу бойынша 3 конкурс өткізді. Нәтижесінде 17 радиотаратқыш орнатылды, бұл Алматы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының 170 елді мекенінде «Қазақ радиосы» және «Шалқар» радиосы бағдарламаларын қабылдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, бұл ретте халықты қамту шамамен 450 мың адамды құрады.

Түркістан облысының «Арыс» және «Сарыағаш» радиотелевизиялық станцияларында қолданыстағы, моральдық және табиғи ескірген радиохабар таратқыштарды ауыстыру жүзеге асырылды. «Көктөбе» РТС-дағы «Classic» радиосы бағдарламасының радиохабар таратқышы ауыстырылды.

Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы 202 елді мекенді қамти отырып, «Шалқар» радиосын трансляциялау үшін 5 радиотаратқыш орнату жұмыстары жүргізілуде.

– Мемлекеттік радиохабар таратуды дамыту шеңберінде халықаралық ынтымақтастық мәселесі қалай?

– ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жанынан «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» РМК құрылды, оны Байланыс әкімшілігі деп те атайды. Оның функцияларына жиіліктерді тағайындау, үйлестіру, радионы дамыту, әсіресе шекаралас аймақтарда, кіреді. Байланыс әкімшілігі біздің ұлттық радиомызды дамыта отырып, көршілес мемлекеттердің жұмыс істейтін немесе жоспарланып отырған станцияларына өзара кедергі келтірмеуімізді қадағалайды. Осыған байланысты ведомство жыл сайын бұрынғы одақтас республикалардағы, Еуропадағы әріптестерімен кездесулер ұйымдастырып отырады.

Осы бағытта ынтымақтастық жүзеге асырылуда және ол, соның ішінде телевизия, ұялы байланыс, интернет және т.б. мәселелерге қатысты. Қазір бүкіл әлемде әртүрлі стандарттардағы цифрлық радиохабар тарату дамып келеді және осы бағытта халықаралық ынтымақтастық, осындай жобаларды іске асыруда табысқа жеткен елдермен тәжірибе алмасу белсенді жүріп жатыр. Мысалы, Ресей DRM+ стандартының хабар тарататын бірнеше сынақ аймақтарын ұйымдастырды және көрші ретіндегі серіктестік аясында бізбен жинақтаған тәжірибесімен бөлісіп келеді.

– Бүгінгі таңда республикада радиоарналарды трансляциялайтын қанша радиотелевизиялық станция бар?

– Қазақстанда радиохабар таратуды дамыту цифрлық эфирлік телехабар таратуды енгізумен тығыз байланысты. Радиохабар таратуды цифрлық эфирлік хабар таратудың радиотелевизиялық станциялары пайдалануға берілген объектілерде ғана дамыту жоспарлануда. Біздің жобада 827 радиотелевизиялық станция салу және жаңғырту көзделген, 2020 жылғы қазандағы жағдай бойынша елімізде жалпы 89,4%-тен астам халықты қамти отырып, 518 РТС салынды және жаңғыртылды. Республикада қазірдің өзінде «Қазақ радиосы» бағдарламасы бар 246 РТС, 525 бағдарлама жұмыс істейді.

Жоспарланған РТС-тар базасында мемлекеттік екі радиоарна – «Қазақ радиосы» және «Шалқарды» трансляциялау көзделіп отыр. Радио ЦЭТВ-ны ізінен «өкшелеп» келеді.

– Айтыңызшы, қазақстандықтар digital-форматта радиоарналарды қашан тыңдай алады?

– Цифрлық радиохабар таратуды дамыту Қазақстанда талқылау сатысында тұр. Мысалға, Ресейде анау 2010 жылы ұзын, орта, қысқа диапазондардағы DRM-30 цифрлық стандартын радиохабар таратудың стандарты етіп қабылдады. Бірақ он жылдан кейін радионы цифрландыру мәселесі әртүрлі қалаларда тек сынақ түріндегі хабар таратумен ғана шектелді. DRM-30 диапазоны біз үшін несімен қызықты? Ол FM-ге қарағанда үлкен аумақтарды жабады. Цифрлық радиохабар таратуды дамытуды тежеуші фактор халықта қажетті қабылдау құрылғыларының болмауы болып табылады. Қолданыстағы FM қабылдағыштары сигналды тиісінше қабылдай алмайды. Радионы цифрландыру процесі 2000 жылдары басталған Еуропада «цифр» әлі күнге дейін 100% енген жоқ. Айтпақшы, Норвегия 2017 жылы FM-ді өшіріп, цифрлық хабар таратуға толығымен көшу туралы шешім қабылдады, бірақ арада 3 жыл өтсе де ел әлі күнге «цифрға» көшіп кете алмады. Осы бағытта дамыған ел болып саналатын АҚШ-та цифрлық хабар таратудың өзіндік стандарты – HD радиосы бар, ол өте үлкен хабар тарату процентін қамтиды, бірақ, сонымен бірге, олар аналогты хабар тарату платформасындағы FM-ді де сақтап қалды. Батыста цифрлық прогресті жеделдету үшін, негізгі радиотыңдаушылар мобильді тыңдаушылар, автокөлік иелері болғандықтан, жаңа автомобильдерді цифрлық радиобағдарлама қабылдауға қабілетті цифрлық қабылдағыштармен жабдықтау туралы шешім қабылданды. Шетелдің бұл тәжірибесі радионы алға жылжыту үшін табылған амал деп есептеймін. Біздің елімізде әзірге цифрлық хабар тарату стандарты қабылданған жоқ. Бірақ оны анықтау үшін сынақ үшін таратуға арналған тәжірибе аймақтарын ұйымдастырған жөн. Қазір мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі цифрлық эфирлік телевизияға көшу жөніндегі жобаны аяқтау болып табылады. Сонымен қатар, мемлекет аумағының 100%-ін қамтитын интернет-хабар тарату, GALAM TV, жерсеріктік телевизия дамып келеді. Бүкіл ел бойынша радиохабар тарату міндеті ұзын және орта толқындарда DRM-30 цифрлық стандартын қолдану арқылы шешілуі мүмкін. Қазтелерадио осындай жобаларды дайындады және олар ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде талқылауда жатыр.

– Болат Жұмабайұлы, Қазақстанда мемлекеттік радиожеліні одан әрі дамытудың тағы қандай перспективаларын күтуге болады?

– Біз телерадио хабарларын тарату желісін дамыту және жаңғырту жөніндегі тұжырымдама мен Жол картасын әзірледік. Осы тұжырымдамаға сай, 15 жылдан астам уақыт қызмет еткен, моральдік және физикалық жағынан да ескірген жабдықтар ауыстырылуда. Біз бұл тұжырымдаманы алдағы жылдар бойынша нақтылап шықтық. Бірінші кезекте – бұл Қазақстан Республикасының шекара бойындағы аудандарында радиохабар таратудың мемлекеттік желісін дамыту. Шекарадан 200 км шегіндегі аумақты қарастыратын, ЦЭТВ жөніндегі халықаралық бөлісу құжаттарына сай, осы өңірлерге кіретін тиісті елді мекендер іріктелді. Біз шекара маңындағы өңірлерде мемлекеттік радиохабар тарату желісін дамытуды жеделдетіп, осы жобаға қаржы, материалдық ресурстар тартқымыз келеді.ЦЭТВ жобасы аяқталғанда халықтың 95%-ін жаңартылған радиожелімен қамту жоспарланып отыр.

«Қазтелерадио» АҚ Батыс Қазақстан облысының радиотелевизиялық станцияларында (бұдан әрі – РТС) төменде көрсетілген кезеңдерде телерадиоарналар өшіріле отырып, жоспардан тыс жұмыстар жүргізілетіні туралы хабарлайды:

19.05.23

Подробнее

«Қазтелерадио» АҚ Атырау облысының радиотелевизиялық станцияларында (бұдан әрі – РТС) төменде көрсетілген кезеңдерде телерадиоарналар өшіріле отырып, жоспардан тыс жұмыстар жүргізілетіні туралы хабарлайды

17.05.23

Подробнее

«Қазтелерадио» АҚ Ақтөбе облысының «Ақтөбе» радиотелевизиялық станциясында телерадиоарналар өшіріле отырып, жоспардан тыс жұмыстар жүргізілетіні туралы хабарлайды

11.05.23

Подробнее

«Қазтелерадио» АҚ 2023 жылғы 11-12 мамырда сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін (Астана қ. уақыты) Түркістан облысының «Түркістан» радиотелевизиялық станциясында мына телерадиоарналарды өшіре отырып, жоспардан тыс жұмыстар жүргізілетінін хабарлайды

05.05.23

Подробнее

«Қазтелерадио» АҚ 2023 жылғы 10 мамырда сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін (Астана қ. уақыты) жоспардан тыс жұмыстар жүргізілетінін хабарлайды

05.05.23

Подробнее

Related posts

Post a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған